Константин Нефф «Астанамен» келісімшартқа отырды

21.08.2022, 13:18    Оқылғаны: 520
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Константин Нефф 1997 жылы 23 мамыр күні Ақтөбеде туған. Баскетболмен 8 жасынан бастап шұғылданады. Азаматтығы — Қазақстан, амплуа — жеңіл шабуылшы, бойы — 198 cм.

2017–2019 жылдары ол өзінің туған қаласында өнер көрсетіп, 2018/19-маусымы қорытындысында Жоғарғы лига жеңімпазы атанды. Сол жолғы ел чемпионатында Нефф орта есеппен бір ойында 11 ұпай еншілеп отырды.

«Ақтөбеден» кеткен соң ол Көкшетаудың «Синегорье» және Қостанайдың «Тобыл» командалары сапында ойнады.

Былтырғы маусымды баскетболшы Ақтаудың «Каспий» командасы сапында өткізді. Ал оның маусымдағы көрсеткіші – орта есеппен әр ойында 10.4 ұпай. Қазақстан кубогындағы нәтижелілігі бір матчта 18.3 ұпайды құрады. Сонымен қатар, ол Қазақстан 3x3 құрамасының сапында ойнайды.

Қош келдің, Константин «Астанаға»!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»