Шабуылшы Роман Марчук «Астанамен» келісімшартқа қол қойды

16.08.2022, 10:00    Оқылғаны: 624
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Роман 1993 жылы 4 наурыз күні Алматыда туған. Азаматтығы: Қазақстан. Бойы: 198 см. Спорт шебері, Қазақстан құрамасының ойыншысы.

Ол карьерасын жергілікті ЦСКА сапында бастаған. 2012/13 жылдар маусымын ол «Астанада» ағасы Максиммен бірге өткізіп, Қазақстан чемпионы болып, әрі алғаш рет Ел кубогын жеңіп алды.
Бұдан кейін Роман «Астана Жолбарыстары» (Жоғарғы лигада 3-ші орын, маусым-2013/14), «Алматы легионы» (Қазақстан кубогында екі рет бас бәйге, 2015 және 2016 жылдар; Ұлттық лигада күміс, маусым-2014/15 және қола маусым-2018/19) және «Каспий» (3-ші орын Ұлттық лигада, маусым-2016/17) командалары құрамында ойнады.

Былтырғы маусымды ол «Атырау Барыстары» сапында өткізді. Оның Ұлттық лигадағы орта есеппен алғандағы нәтижелілігі – әр ойында 6,89 ұпай.

Қайта оралған Романды құттықтай отырып, оның алдағы маусымды табысты өткізуіне тілектес екенімізді білдіреміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»