«Астана» алдағы маусымдағы бапкерлер құрамын ұсынады.

13.08.2022, 18:00    Оқылғаны: 432
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Олег Киселев – бас бапкер. Бұған дейін ол «Барсы Атырау» және «Алматинский Легион» сияқты клубтарды жаттықтырған, «Автодор» жастар құрамасымен жұмыс жасаған. Қазақстан құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болды.

Глеб Плотников — бас бапкердің бірінші көмекшісі. Ойнаудан кеткеннен кейін «Химки», «Спартак-Приморье» және «Восток-65» сияқты клубтарда жұмыс істеді, Ресей құрамасының бапкері болды.

Леонид Воронушкин – бас бапкердің көмекшісі. «Алматинский Легион» командасында ойнады, ойнаудан кеткеннен кейін команданың бапкерлік құрамына енді.

Ринат Абитов – дене шынықтыру және оңалту бағытындағы бапкер. Оның АҚШ, Ресей және Қазақстандағы әртүрлі спорт түрлерінің кәсіби спортшыларымен жұмыс жасауда он жылдан астам тәжірибесі бар. Олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын жаттықтыру және оңалту жұмыстарын жүргізді, «Be Unlimited» кәсіби дене шынықтыру және оңалту орталығының негізін қалаушы.

Сонымен қатар, құрамаға дәрігер Дамир Абильдин және массажшы Тамерлан Батыргалиев кірді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»