Ресейлік ойын үйлестіруші Даниил Аксенов «Астанаға» қосылды
Ойыншы 1995 жылы 11 шілдеде туған. Бойы – 183 см. «Спартак-Приморье» түлегі.
Баскетболшы былтырғы маусымды Ревда қаласының «Темп-СУМЗ-УГМК» сапында өткізді. Даниил студенттер арасындағы Ресей құрамаларының сапында бірнеше рет ойнаған. «Самара» сапында Аксенов Ресей кубогының иегері атанып, Суперлига-1 жеңімпазы болған.
Даниилге біздің командаға «қош келіпсің» деп, ВТБ Бірыңғай лигасындағы алғашқы маусымы есте қаларлықтай болуына тілектеспіз!