Демалыс күні Астанадағы триатлон саябағында Urban Sport Fest өтеді

03.08.2022, 11:00    Оқылғаны: 534
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
7 тамыз күні фест аясында «Астана» академиясының жас қырандары мен Әуесқойлар құрамасы арасында толыққанды баскетбол матчы өтеді. Бұл ойынға клуб директоры Самсон Аракелян да қатысады.  Ойын 19:00-де басталады.

Фест ұйымдастырушылары қызықты шоу-бағдарламалар дайындапты, оның құрамына әрқилы ойын-сауық түрлері енгізілген: эстафета, би баттлдары, DJ-сеттер және т.б.

Баскетбол жанкүйерлері мен әуесқойларының бәрін жексенбілік көңілді кеште күтеміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»