Валерий Лиходей – «Астана» ойыншысы

01.08.2022, 16:00    Оқылғаны: 648
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Шабуылшымен өзара келісім 2022/2023 жылдар маусымының соңына дейін есептелген.

Валерий өз мансабын «Химки» сапында бастаған, содан кейін бұл ұжымнан мәскеклік ЦСКА құрамына ауысқан. Сондай-ақ, ол өз карьерасында ресейлік «Триумф», «Спартак», «Локомотив-Кубань», УНИКС және «Уфимец» командалары сапында, сонымен қатар «Нявежис» (Литва), «Орландина» (Италия) және «Анвил» (Польша) клубтары құрамында ойнаған.

Ол жасөспірімдер арасындағы Еуролига (2004), FIBA EuroCup Challenge (2006/07) және Еуропа кубогы (2012/13) секілді халықаралық додаларда жеңімпаз атанған. Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының (2005) сұрмергені атанып, КБЛ Жұлдыздары матчында (2011) өнер көрсеткен.

Өткен маусымда Лиходей PARMA-PARI сапында ойнап, ВТБ Бірыңғай лигасындағы өзі өнер көрсеткен 14 матчта 192 ұпай жинады.

Валерий Лиходейдің біздің командаға қосылуына қуанышты екенімізді білдіре отырып, оның алдағы маусымды табысты өткізуне тілектеспіз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»