«Астана» 3х3 “Moscow Open” 2022 турнирін тәмамдады

28.05.2022, 20:00    Оқылғаны: 1472
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Бүгін, 28 мамыр күні, 3х3 “Moscow Open” 2022 халықаралық турнирі аясында ширек финалдық ойындар өтіп, елорданың «Астана» командасы 3х3 Ресей кубогының жеңімпазы «COP NEVA» ұжымымен кездесті.

Тартысты және тең дәрежеде өткен, 3х3 “Moscow Open” 2022 халықаралық матчта «Астана» ресейлік «COP NEVA» командасынан 17:21 есебімен ұтылып қалды.

Әрі ширек финалдық ойынның қорытындысы бойынша елорданың «Астана» командасы “Moscow Open” 2022 додасындағы алғашқы сынын аяқтады.



«Астана» командасының құрамы:

  • Руслан Айтқали
  • Николай Бажин
  • Роберт Пан
  • Александр Оразбеков


Бұған дейін біздің команда Сербия чемпионын 19:17 есебімен ұтып, 3х3 баскетболынан халықаралық турнирдіңң ширек финалына шыққан. Алайда, жоғарыда жазғанымыздай, ресейлік «COP NEVA» командасына есе жіберіп алды.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»