«Астана» алғаш рет 3х3 “Moscow Open” халықаралық кубогына қатысады

23.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 310
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

27-28 мамыр күндері «Астана» баскетбол клубы «Street Basket Russia» Көше баскетболы қауымдастығы 15-ші рет Мәскеуде ұйымдастыратын, 3х3 “Moscow Open” 2022 халықаралық кубогына алғаш рет қатысады.

Кубок додасы мәскеулік «Көпір астында» алаңында сарапқа салынады. Онда елорданың «Астана» командасы Сербия, Ресей және Беларусь елдерінің командаларымен додаға түседі.

«Астана» командасы:

  • Николай Бажин
  • Роберт Пан
  • Руслан Айтқали
  • Александр Оразбеков


“Moscow Open 2022” Кубогына қатысатын командалар:

  • Astana (Қазақстан)
  • Partizan 3x3 (Сербия)
  • Krupanj (Сербия)
  • Minsk (Беларусь)
  • Nemiga (Беларусь)
  • Inanomo (Ресей)
  • Bad boys (Ресей)
  • Russia South (Ресей)
  • Russia North (Ресей)
  • Russia East (Ресей)
  • COP NEVA (Ресей)
  • Runa (Ресей)

Елорданың «Астана» командасы “Moscow Open” 2022 кубогына дейін, 24 мамырда Алматыдағы «Forum Hoops 3x3» көше додасы алаңында өтетін жабық турнирге қатысып, бірнеше ойын өткізеді. Турнир, турнир кестесі, кесте және матч нәтижелері туралы ақпарат сілтемеде.

Көше баскетболы қауымдастығы 2006 жылы құрылған. Осы уақытқа дейін 1,5 турнирден астам дода ұйымдастырылып, олардың бәріне 5 млн. ұлдар мен қыздар қатысып, елуден артық көше баскетболы орталықтары ашылды. 2004 жылы Қауымдастық 3х3 баскетболынан Мәскеуде Әлем чемпионатын ұйымдастырды.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»