Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына түзетулер енгізу жөніндегі референдум

20.05.2022, 17:30    Оқылғаны: 622
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Бүгін, 20 мамыр күні «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» Корпоративтік қорының құрамына кіретін кәсіпқой клубтардың басшылары кездесуі өтіп, оның төрағасы Бас директор Асхат Сейсембек болды. 

Күн тәртібінде алдағы Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республи­калық референдум талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республи­калық референдум биылғы жылдың 5 маусымында өтеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Енді біз конституциялық реформаны жүзеге асырудың шешуші кезеңіне қадам бастық. Негізгі заңға түзетулер енгізудің, шын мәнінде, ел тағдыры үшін айрықша мәні бар. Конституция баптарының үштен бір бөлігі өзгереді. Ашығын айтсақ, Конституциямыз мүлде жаңа сипатқа ие болады. Сондықтан мен бұл мәселені республикалық референдумға салуды ұсындым. Өйткені мұндай аса ауқымды өзгерістер бүкілхалықтық ерік білдіру негізінде жүзеге асырылуы тиіс қой», – деп атап өтті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді – мына үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:

1. Суперпрезиденттік бас­қару үлгісі­нен президенттік респуб­ликаға түбегейлі көшу;
2. Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
3. Парламенттің рөлін күшей­тіп, мәртебесін арттыру;
4. Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
5. Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.

«Конституциялық түзетулер жобасы бойынша азаматтардың жаппай дауыс беруі біздің демократиялық қағидаттарды берік ұстанатынымызды білдіреді. Қазақстанның болашағын айқындайтын алдағы референдумда біздің әрбір азаматымыз дауыс беріп, осы тарихи бетбұрысты жасауға өз үлесін қоса алады» – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»