«Астананың» Бас директоры Валерий Тихоненконың орнына Самсон Аракелян тағайындалды

14.05.2022, 20:00    Оқылғаны: 799
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» кәсіпқой баскетбол клубының Бас директоры Валерий Тихоненко клубтың Жалғыз құрылтайшысының, яғни «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ-ның 2022 жылғы 13 мамырда бекітілген шешімі бойынша өз қызметінен кетті.

«Астана» кәсіпқой баскетбол клубының Бас директоры қызметіне клубтың Жалғыз құрылтайшысының, яғни «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ-ның шешімімен Самсон Аракелян тағайындалды.

Самсон Аракелян

Самсон Аракелян 1978 жылы 28 наурызда Ақтау қаласында туған – Маңғыстау облыстық Баскетбол федерациясының президенті, FIBA (халықаралық баскетболфедерациясының) техникалық делегаты, сондай-ақ қазақстандық танымал рэп-орындаушы, фильмдер продюсері және композиторы. Самсон Аракелян «Астана» кәсіпқой баскетбол клубының Бас директоры қызметіне тағайындалғанға дейін Ақтаудың «Каспий» баскетбол клубын басқарған.

“Sport Qory” қорының Бас директоры – Асхат Сейсембек:
– Клуб балалар академиясын дамытуға және өз түлектерімізді дайындауға,  «Астана» бренді мен жалпы Қазақстан баскетболының танымалдығын арттыра түсуге айрықша көңіл бөле отырып, егжей-тегжей қайта құрылады. Әрі «Астана» баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы додасына қатыса береді.

Валерий Тихоненко

Валерий Алексейұлы Тихоненко «Астана» баскетбол клубын 2011 жылдан бері басқарып келеді. Клубтың Бас директоры лауазымында қол жеткізген жетістіктері:
  • Қазақстан Ұлттық лигасының он дүркін чемпионы
  • Қазақстан кубогының тоғыз дүркін жеңімпазы
  • Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері
  • FIBA Азия чемпирндары кубогының қола жүлдегері
  • ВТБ Бірыңғай лигасында:
  • 2012/13 маусым – «А» тобында 5-орын, плей-офф – 1/8 финалы
  • 2013/14 маусым – «В» тобында 5-орын, плей-офф – 1/8 финалы
  • 2014/15  маусым – чемпионаттың негізгі додасында 8-орын, плей-офф – 1/4 финалы
  • 2016/17 маусым – чемпионаттың негізгі додасында 8-орын, плей-офф – 1/4 финалы
  • 2018/19 маусым – чемпионаттың негізгі додасында 6-орын, плей-офф – 1/4 финалы

2014 жылы «Астана» Валерий Тихоненконың жетекшілік етуімен тұңғыш рет Еуропаның клубтық додасына қатысты – FIBA EuroChallenge кубогын «Top 16» сатысында тімамдап, ширек финалға шығуға шақ қалған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»