«Астана» финалдық кезеңдегі екінші ойында «Атырау Барыстарынан» үстем түсті

08.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 63
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Атырау Барыстары” Ұлттық лиганың финалдық кезеңінде екінші ойындарын өткізді. Бұған дейінгі бірінші ойында басымдық танытқан елорда ұжымы екінші матчта да фаворит мәртебесінде өнер көрсетті.

Ойын барысы: Бұл ойында есепті Атыраудан келген қонақтар ашты. Бұдан кейін доп додасы тең дәрежеде өрбіп, ол бес минутқа созылды. Ал бірінші кезеңнің ортасында “Барыстар” бір ұпай айырмасымен алда тұрды. Алайда, бұдан кейін алаң иелері ойын тізгінін өз қолдарына алып, келесі бес минутта он ұпай айырмасымен алға озды – 25:15. Екінші кезеңде “Астана” алаңда үстемдік құрып, есеп айырмасын лезде ұлғайта түсті. Екінші кезеңнің ортасына қарай қонақтарының соны серпілісінен көз жазып қалғандары болмаса, астана ұжымы өздеріне өте сенімді болды. Әрі матчтың бірінші жартысының соңғы бес минутында олардың басымдығы отыз үпайдан да асып кетті – 59:28. Шығыршық ауыстырған соң елордалықтардың нәтижелі ойын өрнектері едәуір бәсеңсіп қалды, бірақ арқаны кеңге салар басымдықтары сақталып тұрды. “Атырау Барыстары” үшінші кезеңде бірінші немесе екінші кезеңдермен салыстырғанда допты аз жібергенімен, ойынның бұл бөлігінде де ұтылып қалды, бұл жолы төрт ұпай айырмасымен. Сөйтіп, олар матчтың аяқталуына он минут қалғанда отыз бес ұпай айырмасымен жеңіліп жатты – 75:40. Соңғы кезеңде қонақтардың ойын өрісін өзгерте қоярлықтай мүмкіндіктері болған да жоқ. Бұл матчта да “Астананың” жеңіске жетерлігі түсінікті еді. Сары-көкшілдер матчты өте жоғары қарқында аяқтап, төртінші кезеңде есеп айырмасын ұлғайтқан үстіне ұлғайта түсті. Әрі жүз ұпайлық межеден де асып түсіп, қонақтарын ойсырата жеңді – 104:51.

Рустам Мурзағалиев

Маңызды сәт: Ойын тек бастапқы бес минутта ғана тең дәрежеде өтті, қалған уақытта толықтай дерлік, “Астана” алаңда үстемдік танытты.

Матч үздігі: Елорда командасы өрнекті ұжымдық ойын үлгісін паш етіп, “Астананың” алты ойыншысы он ұпайдан артық еншіледі.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Астана»: Скайлар Спенсер (13 ұпай, 8 рет доп қағып алды, 3 пас, 3 рет доп тартып алды, 1 блокшот), Руслан Айтқали (15 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 5 пас, 2 рет доп тартып алды), Олег Балашов (13 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 4 пас).
  • «Атырау Барыстары»: Денис Викентьев (12 ұпай, 12 рет доп қағып алды), Әділхан Марат (11 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 2 пас), Владимир Иванов (10 ұпай, 3 рет доп қағып алды).


Салдары: “Астана” финалдық кезеңдегі, “Атырау Барыстарымен” өтіп жатқан доп додадасында алға шықты.

Келесі ойын: Доп додасы енді Атырауға ойысады. “Астана” мен “Атырау Барыстары” арасындағы, 10 мамыр күні, “Jusan Arena” алаңында өтетін үшінші ойынның финалдық кезеңдегі соңғы матч болуы да мүмкін. Ойынның басталуы – астана уақытымен 18:00-де. Матчтың онлайн трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және «In Sport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі. 
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры"