«Астана» финалдық доданы «Атырау Барыстарынан» басым түсіп бастады

07.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 1210
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Атырау Барыстары” Ұлттық лига маусымының бас бәйгесін елордадағы матчпен бастады. “Астана” ел чемпионатының негізгі додасындағы екеуара матчтардың бәрінде жеңіске жеткен. Тек өтпей қалған соңғы ойында техникалық жеңіліс жазылған болатын. Сондықтан елордалықтар бұл ойында ғана емес, жалпы финалдық кезеңде фаворит болып саналады.

Ойын барысы: “Астана” бұл ойында есепті тек үшінші минутта ғана ашты. Ал “Атырау Барыстары” алғашқы ұпайларын тек бірінші кезеңнің ортасында еншіледі. Дәл осы сәтте олар сегіз ұпай айырмасымен ұтылып жатқан болатын. Алайда кезең соңында атыраулықтар алаң иелерінен асып түсті, бірақ есеп айырмасын бес ұпайға дейін ғана қысқартты – 18:13. Екінші ойын бөлігінің басында командалар арасы үш ұпайға дейін қысқарды. Бірақ бұдан кейін астана ұжымы тізгінді өз қолдарына алып, есеп айрмасын ұлғайта түсті. Ал үлкен үзіліс алдындағы бесминуттық алаң иелерінің үстемдік құруымен өтті. Сөйтіп олар үзіліске он бес ұпай басымдықпен шықты – 40:25. Шығыршық ауыстырған соң “Астана” басымдығы лезде жиырма ұпайдан асып кетті. Бірақ олар үшінші кезеңнің ортасында қонақтарының пәрменді серпілісінен көз жазып қалды. Атыраулықтар есеп айырмасын отыз ұпайға дейін қысқартты. Әйткенмен, алаң иелері еңсе тіктеп, отыз минут ойын уақытынан кейін жиырма бір ұпай айырмасымен ұтып жатты – 60:39. Қонақтардың қауқар көрсетер мүмкіндіктері қалмай, ойын өрісін өзгерту үшін жан алып, жан беру керек болды. Бірақ бұған алаң иелері жол бермеді. “Астана” соңғы кезеңнің бастапқы бес минутында қонақтарының есеп айырмасын біршама қысқартуларына мүмкіндік беріп алғанымен, қалған он жеті ұпай басымдығын уысынан шығармай, түлеп сала берді. Әрі матч соңында алаң иелері қорғаныста қайсарлық танытып, ірі жеңіске қол жеткізді – 77:51.

Руслан Айткали

Маңызды сәт: “Астана” матчтың ортасында, яғни екінші кезенің соңы мен үшінші кезеңні басында қонақтарынан асып түсіп, ойынның қалған уақытын арқаны кеге салар басымдықпен өткізді.

Матч үздігі: Николай Бажин нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп, өз ұжымында ең көп ұпай жинаған және ең тиімді ойыншы болды.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Астана»: Николай Бажин (18 ұпай, 3 рет доп қағып алды, 2 пас), Рустам Мырзағалиев (17 ұпай, 2 пас), Олег Балашов (10 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 6 пас, 3 рет доп тартып алды).
  • «Атырау Барыстары»: Андрей Рогозенко (23 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 5 рет доп тартып алды), Денис Викентьев (8 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 2 пас), Роман Марчук (7 ұпай, 4 рет доп қағып алды).


Салдары: “Астана” финалдық кезеңдегі “Атырау Барыстарымен” өтіп жатқан додада алға шықты.

Келесі ойын: Ертең, 7 мамыр күні “Астана” мен “Барыстар” финалдық кезеңдегі екінші ойындарын өткізеді. Бұл матч та Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегі алаңында өтеді. Ойынның басталуы – астана уақытымен 17:00-де. Матчтың онлайн трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және «In Sport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»