«Астана» мен «Атырау Барыстары» арасындағы финалдық ойындар

05.05.2022, 10:00    Оқылғаны: 198
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

6-14 мамыр арасында XXX Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасында плей-офф додасы одан әрі жалғасып, 2021/2022 мерейтойлы маусымдағы еліміздің чемпиондық тәжі сарапқа салынады.

Шешуші ойындар 6 мамырда басталып, ел біріншілігінің негізгі додасында топ жарған және жартылай финалдан сүрінбей өткен елорданың «Астанасы» былтырғы өз атағын қорғауға тырысады. Финалдағы қарсыласы – «Атырау Барыстары».

Финалдық кезеңдегі ойындардың бәрі де үш жеңіске дейін, алма-кезек екі ұжымның алаңында, 2+2+1 сұлбасында өтеді. “Астана” мен “Атырау Барыстары” арасындағы бастапқы екі матч елорда командасыны алаңында, яғни 6 және 7 мамыр күндері «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. Матчтардың басталуы – астана уақытымен 19:30-да.

Финалдық кезеңдегі түздегі матчтар 10 және 11 мамыр күндері, Атырау қаласындағы «Jusan» аренасында өтеді. Егер осы төрт ойында командалар екі реттен жеңіске жетсе, онда бесінші матч 14 мамыр күні, ел астанасында өтеді.

Плей-офф сатысындағы барлық ойындардың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі – pbcastana.kz.

«Атырау Барыстары» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Атырау қаласынан. 2003 жылы құрылған. 2003 жылы Атырау облыстық баскетбол федерациясы мен Атырау облыстық Туризм және спорт басқармасының және Орск баскетбол федерациясының күш-жігерлерімен құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2010/2011, 2015/2016
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2016/2017
  • Жоғары лига жеңімпазы: 2014/2015
  • Қазақстан кубогының иегері: 2009, 2022
  • Қазақстан кубогының күміс жүлдегері: 2010, 2011, 2012, 2016, 2017, 2018
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2020, 2021

Барсы Атырау баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»