Ұлттық лигадағы «Астана» – «Тобыл» жартылай финалында елордалықтар алға шықты

26.04.2022, 10:00    Оқылғаны: 93
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Тобыл” Ұлттық лига финалы жолдамасын сарапқа салуды бастады. Елорда ұжымы ел чемпионатының негізгі додасындағы екеуара матчтардың бәрінде де басымдық танытқан, әрі жартылай финалдық додада сөзсіз фаворит болып саналады.

Ойын барысы: Бұл матчты алаң иелері аса жоғары қарқында бастап, олардың басымдығы лезде екі таңбалы санға жетті. “Тобыл” бірінші кезеңнің ортасына қарай есеп айырмасын сәл де болса қысқартты, бірақ соңғы минуттарда қайтадан қарсыласына төтеп бере алмай қалды. Сөйтіп, “Астана” бірінші онминуттықта екі еседен артық есеп айырмасымен үстем түсті – 33:15. Сары-көкшілдер екінші кезеңде де көсіле сілтеп, үш минут ойын уақытынан соң +25 ұпаймен қара үзе бастады. Алайда үлкен үзіліске дейін ойын өрісі теңесіп, командалар арасы өзгерген жоқ. Осылай, астаналық 25 ұпай басымдық сақталып қалды – 52:27. “Астана” бұл басымдықты қанағат тұтып, шығыршық ауыстырған соң осы есеп айырмасынан уысынан шығармауды ғана ойлады. Үшінші кезеңде алаң иелері қарқындарын бәсеңсітіп, соның арқасында осы ойын бөлігінде қостанайлықтар басым болды. Бірақ олар жалпы есепті үш ұпайға ғана кемітті – 70:48. Соңғы онминуттықта “Тобылдың” ойын өрісін өзгертерліктей мүмкіндігі болған жоқ. Ал “Астана” жеңіске қарай адымдай түсті. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда олар 30 ұпайдан артық есеп айырмасымен алда тұрды. Әрі еш қиындықсыз бұл ойынды ірі жеңіспен аяқтады – 95:69.



Маңызды сәт: “Астана” бірінші кезеңде айқын басымдық танытып, қара үзіп кетті, сөйтіп бүгінгі жеңісінің түпнұсқасын қалап алды.

Матч үздігі: “Астана” тамаша командалық ойын үлгісін көрсетіп, бес ойыншысы бірдей он және одан артық ұпай еншіледі.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Астана»: Марк Тихоненко (15 ұпай, 5 рет доп қағып алды, 2 пас), Максим Марчук (15 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 3 пас, 3 рет допты тартып алды), Рустам Мырзағалиев (14 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 5 пас).
  • «Тобыл»: Рустам Валиев (12 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 2 пас), Даниель Альбрант (8 ұпай, 6 рет доп қағып алды, 1 блокшот), Антон Быков (10 ұпай, 6 рет доп қағып алды).


Салдары: “Астана” “Тобылмен” өтіп жатқан  жартылай финалдық додада алға шықты.

Келесі ойын: Ертең, 26 сәуір күні “Астана” мен “Тобыл” жартылай финалдық кезеңде екінші рет додаға түседі. Бұл ойын да астанадағы “Сарыарқа” велотрегі алаңында өтеді. Ойынның басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтың онлайн трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және «In Sport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі. 
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры"