«Астана» плей-офф сатысының 1/2 финалында Қостанайдың «Тобылын» қабылдайды

24.04.2022, 10:00    Оқылғаны: 201
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

25 сәуірден 16 майға дейін XXX Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы Ұлттық лигасында плей-офф додасы өтіп, 2021/2022 мерейтойлы маусымдағы еліміздің ең үздік командасы анықталады.

Чемпиондық тәжді сарапқа салу 1/2 финалынан басталып, ел біріншілігінің негізгі додасында топ жарған елорданың «Астанасы» былтырғы өз атағын қорғап қалуды Қостанайдың «Тобылымен» бастайды.

Плей-офф сатысындағы барлық кездесулер алма-кезек екі ұжымның алаңында, 2+2+1 сұлбасы бойынша өтеді. Бірақ бірінші жартылай финалдық жұптағы “Астана” мен “Тобыл” арасындағы бастапқы үш матч екі команданың ортақ келісімімен астана командасыны алаңында, яғни 25, 26 және 28 сәуір күндері «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді. Матчтардың басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Қажет болса, өтуі тиіс төртінші және бесінші ойындарды да Нұр-Сұлтанда өткізу жоспарланған – 29 сәуір мен 3 мамырда.

Финалдық дода мен 3-ші орынды сарапқа салу 8 мамырда басталып, максимум 16 мамырға дейін созылады.

Плей-офф сатысындағы барлық ойындардың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі – pbcastana.kz.

«Тобыл» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Қостанай қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының жеңімпазы: 2003/2004
  • Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері: 2004/2005, 2005/2006, 2006/2007, 2008/2009, 2009/2010, 2010/2011
  • Жоғарғы лига жеңімпазы: 2013/2014, 2015/2016, 2016/2017
  • Жоғарғы лиганың күміс жүлдегері: 2010/2011
  • Қазақстан кубогының иегері: 2005
  • Қазақстан кубогының финалына шыққан: 2003, 2006, 2008, 2009, 2012, 2015, 2019, 2020
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2018


Тобол баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»