«Астана» ел чемпионаты соңында «Ақтөбені» күйрете жеңді

21.04.2022, 22:00    Оқылғаны: 239
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Ақтөбе” биылғы Ұлттық лига додасын өздерінің екеуара соңғы кездесуімен тәмамдады. Бір күн бұрын елорда командасы ірі жеңіске жетіп, бүгін де қызыл-ақ жейделілерді күйрете соқты.

Ойын барысы: Бірінші кезең ақтөбеліктер үшін ең сәтсіз ойын бөлігі болды. алаң иелері ойынды аса жоғары қарқында бастап, әсіресе қорғаныста сауатты ойнады. Олар бес минуттың ішінде 13 ұпаймен қара үзіп кетті. Ал “Ақтөбе” жігіттері доп сала алмай, пұшайман болды. Кезең соңына дейін “Астана” тағы 6 ұпай еншілеп, қонақтар сол күйі «Астана» шығыршығының кілтін таба алмады – 19:0. Екінші кезең Ақтөбе жігіттері үшін біріншісінен де сорақы болды. Олар бұл кезеңнің екінші минутында алғашқы ұпайларына қол жеткізгендерімен, дәл осы сәтте 20 ұпайдан да артық есеп айырмасымен ұтылып жатқан болатын. Ал елорда командасы болса, ұпай қорларын одан әрі молайта түсіп, есеп айырмасын ұлғайта берді. Әрі үлкен үзіліске орасан зор басымдықпен шықты – 49:4. Осылай, алда әлі жиырма минут ойын уақыты қалғанымен, дода көрігі басылып қалды. “Ақтөбе” қалған уақытта біршама нәтижелі ойын өрнегін көрсеткенімен, сары-көкшіл жейделілер қарқындарын бәсеңсіткен жоқ. Отыз минут ойын уақытынан кейін 55 ұпай айырмасымен қара үзді – 74:19. Соңғы кезеңде де ойын өрісі сол күйі сақталды – “Астана” құйындай орап соғып, есеп айырмасын ұлғайтқан үстіне ұлғайта түсті. Әрі, жүз ұпайлық межені еңсеріп, биылғы маусымдағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді – 100:32.

Роберт Пан

Маңызды сәт:  “Астана” матч басталған бетте үстемдік құрып, бұл ойында қарсыласын күйрете жеңді.

Матч үздігі: Бұл ойында “Астананың” барлық ойыншылары қонақтарынан әлдеқайда асып түсті.

Көп ұпай жинағандар:

«Астана»: Максим Марчук (16 ұпай, 3 пас, 6 рет доп тартып алды), Олег Балашов (13 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 4 пас), Марк Тихоненко (12 ұпай, 4 рет доп қағып алды).

«Ақтөбе»: Александр Папшив (10 ұпай, 2 рет доп қағып алды), Сергей Борматенков (8 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 5 рет доп тартып алды), Борис Назмутдинов (2 ұпай, 10 рет доп қағып алды, 3 пас, 4 рет доп тартып алды).

Келесі ойын: Командалар енді жартылай финалдық жұптарда ойнайды: “Астана” “Тоболмен”, ал “Ақтөбе” “Атырау Барыстарымен”. Матчтардың онлайн трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде және «In Sport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі..
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»