«Астана» «Ақтөбені» ойсырата жеңді

20.04.2022, 22:00    Оқылғаны: 186
Дереккөз: ҰБФ ҚР
Автор:

“Астана” мен “Актобе” елордада Ұлттық лига додасының негізгі бөлігіндегі соңғы екі матчын өткізуді бастады. Бұған дейінгі екеуара төрт матчта да жеіске жектен ала иелері бүгінгі ойында да фаворит болып есептелді.

Ойын барысы: Ақтөбеліктер бүгінгі ойында есеп ашқандарымен, алда ұзақ тұра алмады. “Астана” лезде көшбасшы тізгінін өз қолына алды, бірақ бастапқы минуттарда қара үзіп кете алмады. Алайда қорғаныста сауатты ойнап және шабуылда құйындай орап соғып, бірінші кезеңні екінші жартысында сары-көкшіл жейделілер алғашқы онминуттықты екі таңбалы есеп айырмасымен аяқтады – 31:17. Екінші кезеңде командалар бір-бірінен қалысқан жоқ, әрі бастапқы бес минутта есеп айырмасы да өзгерген жоқ. Содан кейін алаң иелері екі рет серпіліс жасап, он бес минуттық үлкен үзіліске жиырма ұпайға жуық гандикаппен шықты – 55:36. Шығыршық ауыстырған соң да “Астана” ойын тізгінін өз уысынан шығарған жоқ. Үшінші кезеңде елорда ұжымы есеп айырмасын ұлғайта түсіп, 20 ұпайдан асырды. “Ақтөбе” оларға төтеп бере алмай, отыз минут ойын уақытынан кейін 30 ұпайды жуықтайтын есеп айырмасымен ұтылып жатты – 75:47. Төртінші кезеңде де қонақтардың ойын өрісін өзгертерліктей мүмкіндігі болмай, елорда ұжымы жеңіске қарай адымдай түсті. Соңғы кезеңнің бес минутынан кейін есеп айырмасы 30 ұпай шамасында сақталып тұрғанымен, матч соңында “Астана” қонағын қыспаққа алып, жүз ұпайлық межені еңсерді. Әрі ірі жеңіске қол жеткізді – 100:58.

Oleg Balashov

Маңызды сәт: “Астана” бірінші кезеңнің екінші жартысында ойын тізгінін өз қолына алды да, матчтың қалған уақытында оны уысынан шығарған жоқ.

Матч үздігі: Скайлар Спенсер бұл ойында ең тиімді ойыншы ретінде көзге түсті.

Көп ұпай жинағандар:

  • «Астана»: Скайлар Спенсер (12 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 3 рет допты тартып алды, 1 блокшот), Вадим Щербак (18 ұпай, 3 рет допты тартып алды), Олег Балашов (10 ұпай, 4 рет доп қағып алды, 5 пас).
  • «Ақтөбе»: Глеб Жуков (18 ұпай, 2 рет доп қағып алды), Глеб Толкачев (13 ұпай, 5 рет доп қағып алды), Александр Папшив (7 ұпай, 5 рет доп қағып алды).


Келесі ойын: Ертең, 21 сәуір күні, “Астана” мен “Ақтөбе” ел чемпионатының негізгі бөлігін екінші матчпен тәмамдайды. Бұл ойын да Нұр-Сұлтандағы “Сарыарқа” велотрегінде өтеді. Ойынның басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Матчтың онлайн трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және «In Sport» телеарнасы эфирінде жүргізіледі.
 


Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»