«Астана» үйдегі соңғы ойынын «Парма-Парибет» клубымен өткізеді

12.04.2022, 18:00    Оқылғаны: 375
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы өз алаңындағы соңғы ойынын Пермнің «Парма-Парибет» командасымен өткізеді. Матч сәрсенбі күні, 13 сәуірде Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:30-да. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымға шықты.

«Парма-Парибет» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Пермь қаласынан, 2012 жылы құрылған.

Жетістіктері:

  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2015/2016, 2018/2019
  • Ресей кубогының қола жүлдегері – 2016/2017
  • Ресей суперлигасының қола жүлдегері – 2015/2016
  • FIBA Europe Cup додасының Төртеу финалында сынға түскен – 2021


Парма баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»