ВТБ лигасының 11 дүркін чемпионымен Алматыда додаға түсеміз

09.04.2022, 10:00    Оқылғаны: 356
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы оңтүстік астанамызда Мәскеудің әскери клубы ЦСКА-мен ВТБ Бірыңғай лигасы маусымындағы екінші кездесуін өткізеді. Матч жексенбі күні, 10 сәуірде Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 15:00-де. Билеттер Zakazbiletov.kz сайтында сатылымға шықты.

ЦСКА
 – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Мәскеу қаласынан, 1923 жылы құрылған. Биылғы маусымда ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еуролига додасында бақ сынады.

Жетістіктері:

  • КСРО чемпионы − 1945, 1960-1962, 1964-1966, 1969-1974, 1976-1984, 1988, 1990 
  • Ресей чемпионы – 1992-2000, 2003-2019 
  • КСРО кубогының жеңімпазы − 1972, 1973, 1982 
  • Ресей кубогының жеңімпазы – 2005-2007, 2010 
  • Еуропа чемпиондары Кубогының жеңімпазы − 1960/1961, 1962/1963, 1968/1969, 1970/1971. 
  • NEBL чемпионы − 1999/2000. 
  • Еуролига чемпионы − 2005/2006, 2007/2008, 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының чемпионы − 2009/2010, 2011/2012-2018/19, 2020/2021
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері − 2010/2011
  • Нева кубогының жеңімпазы – 2020
  • А. Я. Гомельский атындағы кубок жеңімпазы – 2020


ЦСКА баскетбол клубы 2021/2022

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»