«Астана» баскетбол клубы «Ақтөбеден» үстем түсіп, Қазақстан кубогы 2022 додасын ірі жеңіспен бастады. Бұл кездесуде біздің команда фаворит болып, екінші кезеңнен бастап Дарко Руссо жаттықтыратын жігіттеріміз өздерінің деңгейлері жоғары екендігін паш етті. Естеріңізге сала кетейік, Кубок жолындағы матчтарда барлық команда, оның ішінде, біздің клуб та, алаңға тек Қазақстан төлқұжаты бар ойыншыларын ғана шығара алады.
Бқл ойында есепті ақтөбеліктер ашып, бірден бес ұпай айырмасымен алға озды. Бізден бірінші болып, доп салған Рустам Мырзағалиев болды, ол екі айып соққысын мүлтіксіз орындап, одан кейін доға сыртынан мергендік танытып, есепті теңестірді. Николай Бажин салған екі доптан кейін сары-көкшіл жейделілер алға шықты. Ал бірінші кезеңнің ортасында біздің қоржынымызды тек Дмитрий Гаврилов толықтырумен болып, қатарынан алты ұпай еншіледі. «Грифондар» қуып жетуге тырысып, біздің жігіттерді алысқа ұзатқан жоқ. Руслан Айтқали мен Олег Балашов салған доптар сәл ғана басымдығымызды уысымыздан шығармауға жеткілікті болды. Рустам Мырзағалиев осы кезеңде ұпайлар еншілегендер тізімін түйіндеді. Сөйтіп, “Астана” алғашқы кезеңде басым түсті, есеп – 15:21. Екінші кезеңде Элен Шакираның командасы білгендерінен жаңыла бастады – доп лақтыруда көп қателік жіберіп, доптан жиі айырылып қалып отырды. Екінші кезеңдегі сегіз минутқа жуық уақыт бойы “Ақтөбе” соқыр ұпай да еншілей алмай, сергелдеңге түсті. Ал біздің наша команда болса, осы уақыт аралығында есеп айырмасын әжептәуір ұлғайтты. Доп салғандар: Олег Балашов, Рустам Мырзағалиев, Николай Бажин и Максим Марчук. Кезеңнің бел ортасына қарай біздің кэп үш ұпайлық екі соққысын дөп түсіріп, “Астаны” басымдығы жиырма ұпайға жетті. Бұдан кейін Вадим Щербак екі рет үш ұпайлық доп салып, Руслан Айтқали 2 ұпай еншіледі, ал Андрей Литвиненко “энд уан” орындады. Осыдан кейін екі команданың арасы 30 ұпайдан да асып кетті. Айтқали мен Щербак доға сыртынан тағы да бір доптан салды. Бірақ бұдан кейін, кезеңнің аяғына дейінгі, екі жарым минутқа жуық уақыт бойы біздің команда доп сала алмай қойды. Есесіне, осы уақыт ішінде “Ақтөбе” біздің шығыршығымыздың құлпын ашып, қатарынан тоғыз ұпай еншіледі. Әйтсе де, “Астана” матчтың бірінші жартысында үстем түсіп, қарсыласынан екі еседен артық есепке озып кетті – 24:52.
Үлкен үзілістен оралған соң біздің сапымыздан Вадим Щербак, Роберт Пан және Николай Бажин доп салып, астаналық гандикап қайтадан отыз бес ұпайға жетті. Үшінші кезеңнің ортасына дейін команда қоржынын Николай Бажин мен Дмитрий Гаврилов толықтырды. Бірақ командалардың арасы сол күйі сақталып тұрды. Үшінші кезеңнің екінші жартысында астана ойыншылары Ақтөбе өкілдеріне қарағанда өз мүмкіндіктерін жиі жүзеге асырып отырды. Доп салғандар – Роберт Пан, Андрей Литвиненко және Дмитрий Гаврилов. Ал кезең соңында Вадим Щербак еншілеген екі ұпайдан кейін біздің басымдығымыз қырық ұпайлық межеден де асты – 31:72. Мұндай орасан зор басымдық біздің команданың жеңіске жететіндігін меңзеп тұрды. Әрі «Ақтөбенің» де мұндай есеп айырмасының есесін қайтаратын ешқандай мүмкіндігі болған жоқ. Әйтсе де, олар төртінші кезеңде дода көрігін қыздыра түсуге тырысты-ақ. Бірақ олардың барлық талпыныстарына біздің жігіттер лезде жауап қатып отырды. Рустам Мырзағалиев пен Руслан Айтқали өз еншілеріне тағы бір үш ұпайлық дәл соққылар қосып, одан соң Олег Балашов ақтөбеліктердің қорғанысын бұзып өтіп, доп салды. Вадим Щербак айып сызығынан да, ойын барысынан да мергендік танытты. Төтінші кезеңнің ортасына таман астана басымдығы елу ұпайды жуықтады. Соңғы бес минутта біздің команданың қоржынын толықтырған Роберт Пан болды. Ол екі рет шығыршық түбінен доп салды. Андрей Литвиненко үш ұпай еншілеп, матчтың қорытынды есебін түйіндеген сол Роберт Пан болды – 45:92.
Ең көп ұпай еншілегендер:
Салдары: “Астана” ел Кубогы додасын сәтті бастап, бірінші матчта жеңіске жетті. Сондай-ақ, “Атырау Барыстары” да турнирді жеңіспен бастап, “Каспий” командасынан басым түсті. Бірінші күнгі ойындардың қорытындысы бойынша біздің жігіттер атыраулықтардан доп айырмасымен озып тұр.
Келесі матч: Қазақстан кубогы додасындағы астана командасының екінші қарсыласы Ақтаудың «Каспий» командасы болады. Бұл ойын 6 ақпан күні астана уақытымен 19:30-да басталады. Ал осы матчқа дейін «Атырау Барыстары» мен «Тобыл» додаға түседі. Ойындардың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және қазақстандық INSPORT спорт арнасы эфирінде жүргізіледі.
Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры |
Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» |