ВТБ лигасының 2022 жылғы Жұлдыздар матчына ойыншы таңдаңыз

15.12.2021, 18:00    Оқылғаны: 165
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

2022 жылы 20 ақпанда Мәскеудегі «ВТБ Аренада», өз тарихында алтыншы рет өтетін, ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар матчына жанкүйерлер арасындағы дауыс беру рәсімі басталды.

Ойын «Ресей жұлдыздары» — «Әлем жұлдыздары» форматында өтеді. Сүйікті ойыншыларыңыз үшін ВТБ Бірыңғай лигасының ресми серіктесі, Вконтакте әлеуметтік желісінде дауыс бере аласыздар. Дауыс беру 2022 жылдың 14 қаңтарына дейін, Мәскеу уақытымен сағат 12:00-ге дейін, созылады.

Дауыс беру рәсіміндегі бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша, ВТБ Бірыңғай лигасы 61 ойыншыдан құралған, Матчқа қатысатын үміткерлердің кеңейтілген тізімін жариялайды – Ресей командаларынан 6 баскетболшыдан (3 ресейлік және 3 легионер) және шетелдік командалардан 3 баскетболшыдан.

Екінші кезеңде, яғни 15 қаңтардан 24 қаңтарға дейінгі аралықта, ресейлік және шетелдік ірі БАҚ журналистеріне Жұлдыздар командасын жасақтау ұсынылады. Журналистер арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Лига ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздары матчына қатысатын соңғы тізімді жариялайды.

ВТБ Бірыңғай лигасының Бас директоры – Илона Корстин: 
— ВТБ Бірыңғай лигасы 20 ақпан күні Мәскеудегі ВТБ Аренада өтетін  алдағы Жұлдыздар матчына жоспарлы түрде дайындалып жатыр. Бүгін біз дауыс беру жүйесін іске қосамыз, ол тура бір айға созылады – жанкүйерлерге «Ресей жұлдыздары» мен «Әлем жұлдыздары» құрамаларына өздерінің сүйікті ойыншыларын таңдау мүмкіндігі беріледі. ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымы өте қызықты және болжап болғысыздай өтіп жатыр. Маусым басында чемпионат көшбасшысы УНИКС болып, «Автодор» оның өкшесін басады деген болжам басым еді. Қазір дәл солай болғанымен, турнир кестесіндегі нәтиже – тым тығыз. Кез келген ойын күні сайын командалар орын ауыстырып, сапырылысып жатады. ВТБ лигасында қазір деңгейі жоғары жаңа ойыншылар мен нағыз еуропалық жұлдыздар көп. Олардың бәрінің де біздің жыл сайынғы, үздіктердің үздігі ғана жиналатын, баскетбол мерекемізге өз үлестерін қосуға қуанады деп сенемін. Ал әзірше, кезек жанкүйерлерге кезек беріледі, олар өздерінің сүйікті ойыншыларын таңдап, Жұлдыздар матчында өнер көрсететін ойыншылардың кеңейтілген тізімін түзеді. 

Билеттерді сатып алуға болатын промо-сайт - https://tickets.vtb-league.com.



"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры"