«Астана» «Каспийді» екінші ойында да тізе бүктірді

01.11.2021, 22:00    Оқылғаны: 232
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы «Каспийден» өзара екінші ойында да басым түсіп, күйрете жеңді. Бұдан бір күн бұрын да астана командасы алаң иелеріне еш мүмкіндік бермей, ірі жеңіске жеткен болатын.

Дарко Руссо екінші ойынға команданы ешқандай өзгеріссіз шығарды. Осы ретте атап өтейік, кеше жарақаттанып қалған Вадим Щербак матч хаттамасына тіркелді және аренада отырды. Бірақ жаттығу кезінде киетін киімдерін шешпей, бойқыздыру жаттығулары кезінде алаң жиегінде отырды. Яғни оның бұл ойында алаңға шықпайтыны бірден белгілі болды. “Каспий” сапындағы Александр Каленов туралы да тура осылай айтуға болады. Кешегі матчта Вадим дәл осы ойыншымен соғылысып қалған болатын. Екеуінің де жарақаттанып қалғаны анық, бірақ олардың өз командаларын қосалқы құрам орындығынан қолдап отыратындықтары қуантты. Бұл олардың жарақаттары тым ауыр емес екендігін білдіреді. Ең бастысы – осы.

Дмитрий Гаврилов, тура кешегідей, ортада лақтырылған допты іліп алды, соның арқасында, біздің жігіттер бірінші болып, шабуылға шықты. Әрі Джейлен Бэрфорд доға сыртынан мергендік танытты. Алаң иелері бірден нәтижелі шабуылмен жауап берді. Бірақ содан кейін олар біздің төрт ұмтылысымыздан көз жазып қалды. “Астана” басымдығы Джейлен, Мырзағалиев, Бажин және Кэмпбелл салған доптардан кейін лезде екі таңбалы санға тең есеп айырмасын жуықтады. Десек те, он ұпайлық межеге қол жеткізу оңай болмады. “Каспий” намысты қолдан бермей, кезеңнің бел ортасына қарай есеп айырмасын бес ұпайға дейін қысқартты. Рас, бұдан кейін, Энтонио Кэмпбелл мен Руслан Айтқали салған доптардан соң, екі команданың арасын он ұпай бөліп тұрды. Бірақ бұл ұзаққа созылмады. “Каспий” қарқынын үдетіп, командалар арасы қайтадан бес ұпайға дейін қысқарды. Бірден біздің команданың жауапты әрекеттері жүзеге асып, есеп айырмасы лезде екі таңбалы санға оралды. Доп салғандар Пан мен Бэрфорд болды, әрі бұлар осы кезеңдегі соңғы ұпайлар болып шықты. “Каспий” үшін бірінші кезең аса нәтижелі болмады – олар небәрі 13 ұпай еншілеп, он минутта 10 ұпай айырмасымен ұтылды – 13:23. Екінші кезеңде бірінші болып, алаң иелері есеп ашқандарымен, олар бұл онминуттықта тас-талқан болып ұтылды. Кезеңнің бел ортасына қарай “Астана” отыз ұпайдан артық есеп айырмасымен қара үзіп кетті. Өз мүмкіндіктерін мүлт жібермегендер – Олег Балашов, Роберт Пан, Марк Тихоненко, Николай Бажин, Джейлен Бэрфорд және Рустам Мырзағалиев. Ал алаң иелері кезең басында еншілеген екі ұпайдан соң мүлдем доп сала алмай, сергелдеңге түсті. Үлкен үзіліске дейін “Каспий” үш шабуылын сәтті аяқтап, бізден тек Энтонио Кэмпбелл мен Олег Балашов доп салды. Алайда Кэмпбелл төрт ұпай еншілеп, Балашов өз еншісіне бақандай тоғыз ұпай қосты. Осының арқасында біздің ұжым екі кезеңнен кейін қарсыласын аса ірі есепен ұтып жатты – 21:59.



Үшінші кезеңде Дарко Руссоның шәкірттері қарқындарын бәсеңсітті, бірақ өз басымдықтарын уыстарынан шығарған жоқ. Кезеңнің бірінші жартысында біздің команда сапынан Бэрфорд, Пан, Кэмпбелл және Айтқали доп салды. Осы уақыт аралығында ақтаулықтар да қоржындарына ұпай қосып, есеп айырмасын үш ұпайға қысқартты. Руслан Айтқали салған үш ұпайлық доптан соң, кезең бел ортасынан ауғаннан бастап, екі команда соқыр ұпай да еншілей алмай, үш минуттық іркіліс орнады. Мұна да біздің жігіттер үзді. Кезеңнің қалған уақыты да аса нәтижелі болмады. “Каспий” тағы бір шабуылын сәтті орындап, Дмитрий Гаврилов екі шабуылда үш ұпай еншіледі. Сөйтіп, кешегі ойындағыдай, алаң иелері үшінші кезеңде, тағы да екі ұпай айырмасымен басым болды. Ал жалпы есепте “Астана” 36 ұпай айырмасымен арқаны кеңге салды – 40:76. Бұл бүгін де біздің жеңіске жететінімізге кепіл нәтиже еді. Төртінші кезеңнің бастапқы бір минутында Дмитрий Гаврилов пен Николай Бажин есеп айырмасын қырық ұпайға жеткізді. Бірақ “Каспий” мұны жауапсыз қалдырмай, қамшыны басты. Әрі есепті 35 ұпайға дейін қысқартты. Кезеңнің ортасына дейін тағы да Гаврилов пен Бажин, сондай-ақ Марк Тихоненко доп салды. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда, біздің команда 39 ұпай айырмасымен ұтып жатты. Ал дода көрігі әлдеқашан басылып қалған-ды. Матчтың соңы да нәтижелі болмады – Рустам Мырзағалиев 4 ұпай, ал Николай Бажин 2 ұпай еншіледі. “Каспий” соңғы минуттардыа бізден де төмен нәтижемен өткізіп, матч қортындысында қырық ұпай айырмасымен ұтылып қалды – 54:94.

Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Каспий» – бүгін алаң иелері сапындағы ең тиімді ойыншы Владимир Курочкин болды, ол 19 жинап, 2 рет допты тартып алды және 1 блокшот. Ал Александр Оразбеков 7 ұпай еншілеп, 7 рет доп қағып алды.
  • «Астана» – біздің ұжымда алты ойыншы он және одан артық ұпай жинады. Антонио Кэмпбелл 15 ұпай олжалап, 4 рет допты тартып алды және 2 блокшот. Николай Бажин өз еншісіне 13 ұпай қосып, 3 рет доп қағып алды және 4 рет допты тартып алды. Марк Тихоненко өз статистикасын 11 ұпайға арттырды, әрі 5 рет доп қағып алды, 3 пас берді және 2 рет допты тартып алды. Ал Олег Балашов 11 жинап, 2 рет доп қағып алды және 4 рет допты тартып алды. Джейлен Бэрфордтың еншісінде – 10 ұпай, әрі 2 рет доп қағып алып, 5 пас берді. Роберт Пан матчты 10 ұпаймен аяқтап, 6 рет допты тартып алды және 1 блокшот. Ал “Астана” сапындағы е нәтижелі ойыншы Дмитрий Гаврилов болды – 9 ұпай, 8 рет доп қағып алды, 3 пас, 2 рет допты тартып алды және 1 блокшот.


Салдары: “Астана” Ұлттық лиганың турнир кестесінде өзгелерден қара үзіп, көш бастап, ал “Каспий” осы кестені тұйықтап тұр.

Келесі матч: Бір аптаға да жетпейтін уақыттан соң, яғни 7 қараша күні астана командасы ВТБ Бірыңғай лигасындағы келесі ойынын өткізіп, түзде Саратовтың «Автодор» командасымен додаға түседі. Ал Ұлттық лига аясындағы келесі қос матчы 8 және 9 желтоқсан күндері өтеді. Нұр-Сұлтанға қарымта матчтарын өткізу үшін Қостанайдың «Тобыл» келеді.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»