«Астананың» Ұлттық лига картасындағы келесі аялдамасы – Ақтау

30.10.2021, 18:00    Оқылғаны: 36
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

31 қазан және 1 қараша күндері «Астана» баскетбол клубы Ұлттық лига аясындағы кезекті екі ойынын өткізіп, біздің жігіттер биылғы маусымда бірінші рет Ақтаудың «Каспий» командасымен додаға түседі. Бұл жолы елорда командасы Қостанайдың «Тобылына» қонаққа барады. Матчтар Ақтауда өтеді, бірінші ойын астана уақытымен 18:00-де басталады, ал екіншісі – 20:00-де.

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017


Команда құрамы:

Ақтау командасы былтырғы маусымдағы легионерлерінің ешқайсысымен де келісімшарттарын ұзартқан жоқ. «Каспийден» америкалықтар Колин Доэрти мен Юджин Артисон, сондай-ақ ресейлік ойыншылар Роман Лагутин мен Денис Орленко кетті. Әрі негізгі құрамдағы Қазақстан ойыншыларының үшеуі еліміздің басқа командаларына ауысты: Глеб Жуков Қостанайдың “Тобылына” ойысса, Роман Марчук “Атырау Барыстарына” ауысты, ал Денис Дегтярев биылғы маусымда Алматының “SC Qazaqstan” деп аталатын, Жоғарғы лигада ойнайтын командасының намысын қорғайды. Сонымен қатар, “Каспий” биылғы маусымда үш жас ойыншысын құрамына тіркемеді – Жәнібек Жақауовты, Данил Очневті және Данил Чивикті. Ақтау командасымен өз келісімшарттарын Владимир Курочкин, Аймұрат Сәткеев, Александр Оразбеков, Валерий Симонов, Мағжан Сәрсенғалиев, Данил Давлетбаев, Шахмұрат Сәткеев және Артем Рольгейзер ұзартты. “Каспий” сапына жаңадан қосылған ресейлік екі ойыншы Қазақстан чемпионатында алғаш рет келіп отыр. Тәжірибелі қорғаушы Александр Каленов бұған дейін тек ресейлік командалардың сапында ойнаған – “Алтай Баскет”, “Тамбов”, “Ревда”, “Темп-СУМЗ-УГМК”, “Урал”, “Металлург” және “Нефтехимик”. Орталық шептегі ресейлік жас ойыншы, яғни Пинаев ЦСКА ұжымының жастары сапында ойнап, U-17 санатында Ресей чемпионы атанған. Соңғы төрт жылды ресейлік студенттер лигасындағы “АСБ” сапында өткізген. Сонымен қатар, “Каспийге” “Ақтөбеден” Өзбекстан ойыншысы, орталық шептегі Бахтиер Насриддинов ауысты. Ал “Тобылдан” шабуылшы Константин Нефф келді.

Бас бапкер: Ресей маманы Михаил Лоншаков “Каспийдің” жаттықтырушылары құрамында жоғары өрлеп, бас бапкер қызметіне бекітілді. Соңғы маусымдарда ол Ақтау ұжымының бас бапкеріне көмекші болған, әрі “Каспия 2”командасын басқарған.

Кездесулер тарихы: “Астана” мен “Каспий” 69 рет кездесіп, соның 66-сында астана командасы басым түскен. “Каспий” екі мәрте біздің команданың екінші құрамын ұтып, бір рет негізгі құрамды сан соқтырып кеткен.

Команда көшбасшылары: Екі ойыннан кейін ресейлік жаңа ойыншылар Семен Пинаев пен Александр Каленов Ақтау командасының қозғалтқыш күшіне айналды. Екеуі де орта есеппен алаңда 30 минуттан ойнап, әр матчта 10 ұпайдан артық еншілеп жүр. Сондай-ақ, Қазақстан ойыншылары Константин Нефф пен Валерий Симонов та сенімді ақтап, команда қоржынына әр ойында шамамен он ұпайдан салып келеді.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Астана” турнир кестесінде бірінші орынды меншіктеп, көш бастап келеді. Ал “Каспий” әзірше жеңіске жете алмай, командалар рейтингін тұйықтап тұр.

Матчтар 31 қазан және 1 қараша күндері Ақтаудағы «Батыр» спорт кешені алаңында өтеді. Бірінші ойын астана уақытымен 18:00-де басталады, ал екіншісі – 20:00-де. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор "Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры"