«Астананың» Медиа-күні мен тұсаукесер кеші 24 қыркүйекте өтеді

22.09.2021, 10:00    Оқылғаны: 68
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жұма күні, 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында «Астана» Президенттік баскетбол клубының жаңа маусым қарсаңындағы Медиа-күні өтеді.

«Астананың» алдағы фотосессиясы, алдағы бүкіл маусым секілді, Қазақстан Республикасының 30 жылдық Тәуелсіздігіне арналады.

Өкінішке қарай, COVID-19 вирусы нәубетіне байланысты, биыл команданың маусым басындағы дәстүрлі, таныстырылымдық тұсаукесер кешін және жанкүйерлермен ресми кездесуін дәл қазір өткізу мүмкін емес. Сондықтан команданың жаңа ойыншыларын таныстыру және оларға атаулы джерси табыс ету салтанаты Медиа-күн аясында өткізіледі.

Астана командасының жанкүйерлері Медиа-күн шараларын клубтың Instagram парақшасынандағы сторисінен тікелей эфирде тамашалай алады.
 



Естеріңізге сала кетейік, «Астана» үшін жаңа маусым Ұлттық лига аясында, 26 және 27 қыркүйек күндері «Атыраумен» түзде өтетін, екі ойынмен басталады. Ал ВТБ Бірыңғай лигасында сары-көкшіл жейделілер 4 қазан күні Ресейдің солтүстік астанасында «Зенит» командасымен додаға түсіп, одан кейін «Нижний Новгород» командасына қонаққа барады. Бұл ойын 10 қазанға белгіленген. Біздің жігіттер өз алаңындағы бірінші ойынын, 16 қазанда, Польшаның «Зелена Гура» командасымен өткізеді

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»