Маусым үшін ақжарма алғыс!

17.05.2021, 10:15    Оқылғаны: 211
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Міне, «Астана» баскетбол клубының 10-шы, мерейтойлық маусымы да мәресіне жетті. Әрине, біз биылғы маусым астана командасы үшін сәтті, жемісті болады деп үміттендік. Алайда, спорттың аты – спорт. Әйтсе де, биыл біздің жоспарларымыздың бәрі де жүзеге аспаса да, басты жеңістеріміздің алда екеніне кәміл сенеміз. Ал қазір клуб тарихының бұл парағын аударып, онжылдық межені еңсере отырып, қателерімізден сабақ алып, алға қарай сенімді түрде адымдай беру қажет. Ал биылғы маусымды тәмамдап, сіздермен қоштасу үшін баршаңызға көптен-көп алғыс білдіреміз!

Бірінші кезекте, біз әрине өзіміздің жанашыр жанкүйерлерімізге алғыс білдіреміз! Сөз жоқ, өз алаңымыздағы ойындарда бізге сіздердің қызу қолдауларыңыз жетіспеді. Біз ешқашан да кім үшін ойнайтынымызды есімізден шығармаймыз. Әрбір ойында біз сіздердің демеп-жебеп отыратындарыңызды сеземіз. Әрі ешқашан жеке қалмайтынымызды білеміз. Ал сіздердің эмоцияларыңыз бізге қандай қиындықтар болсын, бәрін де бағындыруға күш береді. Жеңіске жетсек те, сәтсіздікке ұшырасақ та, сіздер үнемі бізбен біргесіздер. Дәл осы ауызбен айтып жеткізгісіз сезімдеріңіз үшін сіздерге рахмет!

Баскетбольный клуб Астана

Биылғы маусымда да, жылдағыдай, «Астананың» сары-көкшіл туы астына тату-тәтті отбасы бола білген тамаша команда бірікті. Біздің мақсатымыз бір болып, бәріміз бірге соған қол жеткізуге талпындық. Иә, жіберген қателіктеріміз болды, бірақ оны түзеп, алға қарй жылжыдық. Сегіз ай бойы біздің команда неше түрлі қиыншылықтарға, коронавирус нәубетіне байланысты шектеулер мен сынақтарға тап болса да, соның бәрін табандылықпен еңсеріп, біз Ұлттық лигадағы чемпиондық атағымызды қорғап қалып, екі мәрте Қазақстан кубогын жеңіп алдық. Қазақстан ұлттық құрамасының 2021 жылғы Азия кубогының іріктеу додасында сенім үдесінен шығуына біздің команданың қосқан үлесі зор болғаны да, сөз жоқ, өз алдына бір бөлек, мақтан тұтуға боларлық жетістік болды.

Біз әрбір ойыншымызға алғыс білдіреміз. Легионерлердің бәріне – Джеремайя Хиллге, Адонис Томасқа, Оярс Силиньшке, Майкл Томпсонға, Эрик Бакнерге, Мартиньш Мейерске және Девин Марблға команданың және жалпы Қазақстан баскетболының дамуына тың шабыт және зор үлес қосқандары үшін көп-көп рахмет. Сіздердің спорттық мансаптарыңыздың  өркендей беруіне және соны жетістіктерге қол жеткізе берулеріңізге тілектеспіз. Қазақстан ойыншыларының да бәріне рахмет – команда капитаны Рустам Мырзағалиевке, Антон Пономаревқа, Максим Марчукке, Дмитрий Гавриловқа, Николай Бажинге, Вадим Щербакқа, Руслан Айтқалиға, Асқару Майдекинге, Роберт Панға және Андрей Литвиненкоға. Енді алаңсыз дем алып, жаңа маусым дайындығына дейін күш-қуаттарыңызды толықтырып келулеріңізге тілектеспіз.



Біз жаттықтырушылар құрамы мен команда қызметкерлеріне де алғыс білдіреміз – бас бапкер Эмиль Райковичке, жаттықтырушылар Марко Величковичке және Сашо Тодоровскийге атқарған жұмыстары үшін рахмет. Дәрігер Дамир Әбілдин мен массажшы Тамерлан Батырғалиевке біздің жігіттерді жарақаттанып қалудан сақтап, спорттық баптарын жоғалтып алмауларына ықпал еткендері үшін – рахмет. Қазақстан кубогын жеңіп алдық. 2021 жылғы Азия кубогының іріктеу додасына Қазақстан ұлттық құрамасын дайындау барысында атқарған жұмыстары үшін команданың жаттықтырушылар құрамына тегістей алғыс білдіреміз.

Біз клубтың басшылары мен барлық қызметкерлеріне, сондай-ақ сенімді серіктестерімізге барлық жұмыстардың үйлесімді түрде жүзеге асырылғаны үшін және біздің клуб пен команданың дамуына қосқан баға жетпес үлестері үшін алғыс білдіреміз. Онсыз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес еді. Клуб техникалық серіктесіміз «Transtelecom» АҚ, «ASU» ауыз суы сауда маркасы бар «RG Brands» компаниясына, сондай-ақ «Easy Bounce» баскетбол дүкеніне және Қазақстан кәсіпкері Бейбіт Әлібековке клубымыздың атын паш етуге белсене араласқандары және маусым бойы қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Талисман баскетбольного клуба Астана орел Сэм

Достар, келесі маусымда бәрі де биылғыдан жақсы болатынына сенімдіміз. Әрі осы мақсатымызға жету үшін бәріміз бірге барлық күш-жігерімізді саламыз. Ал қазір біз тізгін тартамыз, бірақ ұзақ уақытқа емес. Біз жаңа күш-жігермен қайта оралу үшін және еліміздің ең үздік командасы деген мақтанышты атағымызды дәлелдеу үшін тыныстаймыз. Жаңа маусымда кездескенше!



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»