Жеңіс күнімен!

09.05.2021, 08:00    Оқылғаны: 506
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубы барлықтарыңызды ұлы мерекемен – Жеңіс Күнімен құттықтайды!

Бүгінгі мерекенің еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осыдан 75 жыл бұрын бүкіл әлемге қайғы мен қуаныш жасын қоса жұтқызған ерекше күн еді бұл. Ізгі ниетпен адамзат баласы мерекелейтін осы күннің тууына еліміздің айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстандарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Ағалардың ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді.

Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлері! Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін бас иіп алғыс білдіреміз!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»