Ұлттық лиганың жартылай финалындағы «Астананың» қарсыласы – Ақтаудың «Каспий» командасы

26.04.2021, 18:10    Оқылғаны: 321
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы Ұлттық лигадағы чемпиондық атағын қорғауды үш жеңіске дейін созылатын жартылай финалдық сатыда, Ақтаудың «Каспий» командасымен бастайды. Екеуара дода бес ойынға дейін созылса да, барлық ойындар 26 сәуірден 1 мамырға дейін, Нұр-Сұлтанда өтетін болып жоспарланған. Бастапқы үш ойын астана уақытымен 19:30-да басталады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
 — Коронавирус нәубеті салдарынан, астанаға енгізілген шектеу шараларына байланысты, матч көрерменсіз бос трибуналарда өтеді.

«Каспий» – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіби баскетбол клубы, Ақтау қаласынан.

«Каспий» баскетбол клубы 2008 жылы сәур айында Маңғыстау облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған.

Жетістіктері:

  • Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері: 2011/2012, 2012/2013, 2013/2014, 2014/2015, 2016/2017
  • Қазақстан кубогының қола жүлдегері: 2012, 2013, 2017


Каспий баскетбол Клубы 2020/2021

“Астана” ел чемпионатының негізгі бөлігінде Ақтау командасымен 4 рет кездесіп, төртеуінде де қарсыласына еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жеткен. Осылайша, жартылай финалдық кезеңде де біздің команда фаворит болып есептеледі. Биылғы маусымда өткен ел Кубогының екі додасында да “Каспий” біздің командамен жартылай финалдарда кездесіп, екеуінде де “Астана” үстем түскен.

Команда құрамындағы өзгеріс: Ұлттық лига аясындағы екеуара соңғы матчтармен салыстырғанда, ал бұл ойындар күнтізбедегі жылдың сонау қараша айында өткен, қарсыласымыздың құрамына екі ойыншы қосылды. Екеуі де “Алматы Легионы” командасынан ауысып келді: ресей қорғаушысы Роман Лагутин ендігі Қазақстан баскетболы жанкүйерлеріне жақсы таныс, ол міне үшінші маусым болды, Қазақстан командалары сапында ойнап жүр – “Алматы Легионы”, “Синегорье”, енді “Каспий”. Қазақстан шабуылшысы Роман Марчук кезінде біздің командада ойнаған, ал оның інісі Максим “Астананың” намысын қазір де қорғап жүр.

Команда көшбасшылары: Америкалық Колин Доэрти тиімділігі және нәтижелілігі жағынан Ақтау командасының көшбасшысы болып саналады. Бірақ ол биылғы жылғы қаңтар айынан бері алаңға шыққан жоқ. Тағы бір америкалық ойыншы Юджин Артисон команданың соңғы екі ойынында алаңға шықпады, бірақ ойын хаттамасына тіркелген болатын. Екі Роман дағ яғни Лагутин мен Марчук командаға тез сіңіп, бейімделіп кетіп, қазір ақтаулықтардың көшбасшыларының бірі болып шыға келді. Сондай-ақ команданың негізгі құрамында ресейлік орталық шеп ойыншысы Денис Орленко пен Қазақстан шабуылшысы Денис Дегтярев ойнайды.

Екі команда арасындағы барлық ойындар Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өтеді. 27, 28 және 30 сәуір күндері өтетін бастапқы үш ойынның басталуы астана уақытымен 19:30-ға жоспарланған. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»