«Астана» ВТБ Бірыңғай лигасындағы кезекті ойынын Краснодарда өткізеді

02.04.2021, 18:00    Оқылғаны: 505
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы алдағы демалысты ВТБ Бірыңғай лигасы картасының оңтүстігінде, яғни Краснодарда өткізіп, онда жергілікті «Локомотив Кубань» командасымен додаға түседі. Матч сенбі күні, 3 сәуірде өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:00-де.​

«Локомотив-Кубань» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Краснодар қаласынан, 1946 жылы құрылған. ВТБ Бірыңғай лигасынан бөлек, Еурокубок додасында да өнер көрсетеді.

Жетістіктері:

  • Еуропа кубогының жеңімпазы – 2012/2013
  • Ресей кубогының иегегері – 2000, 2018
  • РТЖ халықаралық кубогы жеңімпазы – 2007, 2008
  • Еуропа кубогының финалына шыққан – 2017/2018
  • FIBA кубогының финалына шыққан – 2004/2005
  • EuroChallenge кубогының финалына шыққан – 2010/2011
  • Корач кубогының финалына шыққан – 2001/2002
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2013/2014
  • Еуролиганың қола жүлдегері – 2015/2016
  • ВТБ Бірыңғай лигасының күміс жүлдегері – 2012/2013
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2014/2015
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2000/2001, 2001/2002, 2011/2012, 2014/2015


Парма баскетбол клубы 2020/2021

Қазақстан астанасында өткен, екеуара бірінші ойын “Астана” үшін 2021 жылғы бірінші матч болған. Өте тартысты өткен сол ойында біздің команда жеңісті жұлып алған болатын. Сол кездесуден кейін “Локомотив-Кубань” 7 ойын өткізіп, оның 6-уында жеңіске жетті. Қаңтарда Краснодар командасы “Нижний Новгородты” ұтты, бірақ “Зенитке” есе жіберіп алды. Ал ақпан мен наурызда “Локо” бірде-бір ойында ұтылған жоқ. Әуелі жеңіске деген жігерлік танытып, екі ойында бағы жанды – түзде “Химкиден” және үйде “Енисейден” айоасын асырды. Наурызда краснодарлықтар көсіле шауып, өз алаңында “Автодор” мен “Парманы” қиналмай ұтты, әрі түзде “Калевті” тізе бүктірді.

Турнир кестесіндегі жағдай:

“Локомотив-Кубань” маусым басталғалы 20 ойын өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. Мұндай нәтиже олардың турнир кестесінде төртінші орынға жайғасуларына мүмкіндік беріп тұр. Әрі үшінші және екінші орында тұрған командалардан – бір жеңісі ғана кем. Ал “Астананың” жағдайы қазір көңілге қонымды емес. 19 ойында 5 ре қана жеңіске жетіп, турнир кестесінде 11-орынға табан тіреп тұр. Алдағы ойын біздің қарсыласымыздың турнир кестесіндегі жағдайына ешқандай әсер етпейді. Әрине, жеңіс оларды үздік үштікке мейілінше жақындата түседі. Ал ұтылып қалса, көш басындағылармен арасы алшақтайды. “Астана” жеңіске жетсе, бір саты жоғары көтеріліп, 10-орынға орналасады. Ал ұтылса, Қазақстан ұжымы 11-орында қалады.

Команда құрамындағы өзгерістер:

Қаңтар айының соңында Крснодар командасынан серб ойыншысы Иван Паунич, ал ақпанда америкалық қорғаушы Джордан Кроуфорд кетіп қалды. Қаңтарда «Локо» құрамына америкалық Дрю Гордон қосылды, ол биылғы маусымды “Автодор” сапында бастаған. Ал ақпанның басында команда сапын америкалық қорғаушы Найджел Уилльямс-Госс толықтырды. Найджел өзінің кәсіби карьерасын Сербияның “Партизан” командасында бастаған. Одан кейін бір маусым Грекияның “Олимпиакос” клубында ойнады. Ал былтырғы маусымды “Юта Джазз” командасы мен оның фарм-ұжымы “Солт-Лейк Сити Старс” сапында өткізді.

Команда көшбасшылары:

Команданың жаңа ойыншылары Дрю Гордон мен Найджел Уильямс-Госс ұжымға тез сіңіп, қазір негізгі көшбасшылары болып жүр. Сондай-ақ команданың негізгі құрамында литвалықтар Мантас Калниетис пен Миндаугас Кузминскас, америкалықтар Уилл Каммингс пен Кевин Херви ойнайды. Сонымен қатар, америкалық Реджи Линч те алаңда көп пайдалы әрекетер орындап жүр. Ресейліктерден команданың негізгі құрамына Станислав Ильницкий мен Андрей Мартюк ілігіп келеді.
 


Матч сенбі күні, 3 сәуірде Краснодардағы «Баскет-Холл» аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 19:00-де. Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде, сонымен қатар QazSport телеарнасында тікелей эфирде жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»