«Астана» өз алаңында «Пармаға» есе жіберіп алды

30.03.2021, 10:00    Оқылғаны: 392
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Бұл матч екі команда үшін де өте маңызды еді, әрі жай ғана ойын болмайтыны алдын-ала мәлім болды. “Астана” баскетбол клубы мен “Парма” терезесі тең және табан тірескен ойын өрнегін көрсетті. Бірақ қонақтардың қорғанысы, әсіресе, соңғы кезеңдегі жанкештіліктері, оларды жеңіске жеткізді.

Ортада лақтырылған допты қонақтар іліп әкетті. Бірақ олар бірінші шабуылдарында ұпай еншілей алмады. Әрі біздің де алғашқы шабуылымыз нәтижесіз аяқталды. Сөйтіп, есепті бәрібір қонақтар ашып, доға сыртынан шығыршықты дәл көздеді. Майкл Томпсон оларға өзінің үш ұпайлық дәл соққысымен бірден жауап берді. Бірақ пермдіктер тағы бір алыстан лақтырған доптарының арқасында қайтадан алға шықты. Біздің Рустам Мырзағалиев осы ойында үш ұпайлық емес соққысымен көзге түскен бірінші ойыншы болды. «Астананың» бұл серпілісін Майкл Томпсон қолдап, кезекті үш ұпайлық соққысын шығыршыққа дөп түсірді. Әрі астана командасы бірінше рет алға шықты. Алайда алыстан лақтырған соққылар шеруі одан әрі жалғасып, бұл жолы біздің қонақтарымыз дәлдік танытты. Жауап күттірген жоқ, Мырзағалиев пен Томпсон өздерінің дәл соққыларын қайталап, Қазақстан командасын қайтадан алға шығарды. Ал Антон Пономаревтің үш ұпайлық соққысынан кейін «Астана» 6 ұпай айырмасымен алға оза бастады. “Парма” есеп айырмасын қысқартуға тырысты, бірақ біздің алыс артиллериямыз, атап айтқанда, Томпсон мен Хилл нысананы дәл көздеуді одан әрі сабақтай түсті. ал соңғы минутта шығыршық түбінде Николай Бажин екі дәл соққысымен көзге түсті – 27:21. Екінші кезең өте сәтсіз басталып, біз команда төрт минуттай шығыршыққа доп сала алмай қойды. Ал қонақтар әжептәуір серпіліс жасады – 0:8. Мұның арқасында пермдіктер есепті теңестіріп қана қойған жоқ, тіпті алға да шығып кетті. Майкл Томпсон “Астана” үшін екінші кезеңдегі есепті ашып, таразы басын теңестірді. Іле-шала ол біздің команданы алға да шығарды. “Парма” табан тіресе тайталасып, қайтадан алға шықты. Бірақ ұзақ тұрмады, Джеремайя Хилл мен Эрик Бакнердің ұпайларынан соң таразы басы “Астанаға” қарай ауды. Содан соң екеуі Қазақстан командасының басымдығын ұлғайта түсті. Бірақ “Парма” сонда да сағы сынбай, алға шыға алды. Осылай матчтың бірінші жартысының соңына дейін екі команда алма-кезек алға шығып, ұзақ тайталамсты. Біздің ұжымның сапынан Майкл Томпсон мен Эрик Бакнер ұпай еншілеп, Томпсон терезесі тең және аса шиеленісті өткен ойынның бірінші жартысының нүктесін қойды. Есеп те осыған дәлел бола аларлықтай еді – 46:45.

Майкл Топмсон

Ойын алаңындағы орындарын ауыстырған соң алаң иелері қамшыны басты. Оның негізін Мырзағалиев пен Томпсонның ұпайлары құрады. «Астана» қонақтарынан 8 ұпай ұзап, алға озды, бірақ бұл басымдығын екі таңбалы санға жеткізе алмады. Қонақтар біздің команданың сәл ұзап кетуіне мүмкіндік беріп алғандарымен, дода көрігін одан әрі қыздыра түсті. Үшінші кезең толықтай осылай өтіп, есеп айырмасы 4-7 ұпай шамасында тербеліп тұрды. “Парма” бүкіл алаң бойы прессингке көп көңіл бөліп, осыған дейін 26 ұпай еншілеген Майкл Томпсонды “тұсаулап ұстауға” көшті. Әйткенмен, Эрик Бакнер мен Антон Пономарев нәтижелі ойын өрнегін көрсетті. Сонымен қатар, Николай Бажин де өте белсенді болды. Үшінші кезеңдегі соңғы, нәтижелі шабуылды пермдіктер ұйымдастырып, үш ұпайлық соққыларын дөп түсірді. Әрі соңғы кезең алдында небәрі 3 ұпай айырмасымен ұтылып жатты – 65:62. Ойын басынан бастап тең дәрежеде өтіп, дода көрігі мейілінше қыза түсті. Соңғы кезеңнің шектен тыс шиеленісті болатыныны түсінікті болды да. Әрі ол басталған бетте екі команда да қорғаныста аянбай ойнауға көшті. Әрі “Парма” прессингті күшейтіп, біздің ойыншыларға допты алаң ортасындағы сызықтан асыру қиындай түсті. Екі жақтың да қорғанысы сауатты ойнап, бастапқы 4 минутта ойыннан доп соғылған жоқ. Осы уақыт ішінде біздің жігіттер мүлдем ұпай еншілей алмады. Ал қонақтар айып сызығынан төрт рет шығыршықты дәл көздеді. Олар осының арқасында алға шығып кетті. Эрик Бакнер бұл кезеңде қонақтардың шығыршығына алғашқы ұпайларды салған бетте олар үш ұпайлық соққыларын дәл түсірді. Сонымен қатар, осы кезеңнің бастапқы бес минутында Қазақстан ұжымынан Николай Бажин де өз еншісіне екі ұпай жазды. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда “Астана” небәрі 3 ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Ойын соңына дейін не болса да, бәрінің жүзеге асуы мүмкін еді. Бірақ “Парма” қорғаныста аянбай тер төгіп, ең бастысы, нәтижелі ойын үлгісін көрсетті. Сөйтіп, біздің команда «–9» ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Ал матчтың аяқталуына екі минуттан сәл ғана асатын уақыт қалған. Бұл минуттарда біздің жігіттер жанкештілік танытты – Николай Бажин 5 ұпай еншілеп, Хилл екі ұпай олжалады. Енді есеп айырмасы небәрі 5 ұпайды құрады. Дода көрігі мейілінше қыза түсті. Екі команда да матчты тактикалық дода үлгісінде өткізіп, тайм-ауттарды көп алды. “Астананың” ойынды тым болмаса, овертаймға созар мүмкіндігі болды. Бірақ “Парманың” қорғанысы 100% күш-жігерлерін салып, біздің сұрмергендерімізге доға сыртынан қарапайым соққыларды орындатпай қойды. Ал бізге қажеті осы соққылар еді. Сөйтіп, “Астана” бұл ойында жеңіліске ұшырады – 80:84.

Салдары: “Парма” бүгінгі жеңісінен кейін плей-офф айиағына оралып, сегізінші орыннан “Автодорды” ығыстырды. Ал “Астана” болса, әрбір жеңілісінен соң үздік сегіздікке ілігу мүмкіндігі көмескі тартып барады, әрі алдағы ойындары кестесі де бұған сай келмейді.
 


Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Астана» – бүгін Майкл Томпсон нәтижелі ойын өрнегін көрсетті, әсіресе матчтың бірінші жартысында, ол 28 ұпай жинап, 7 рет доп қағып алды, 4 пас берді. Эрик Бакнер де ерекше көзге түсті – 14 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 2 пас. Николай Бажин 16 ұпай жинап, ВТБ Бірыңғай лигасындағы өзінің жеке рекордын жаңартты, сондай-ақ Коля 2 пас беріп, 2 рет допты тартып әкетті. Джеремайя Хилл көсіле сілтей алмаса да, 9 ұпай еншілеп, 6 рет доп қағып алды, 8 пас беріп, 2 рет допты тартып әкетті. Айта кетуге тиіспіз, Хилл бұл ойында “Астана” сапында ВТБ лигасындағы ұпай қорын 500-ден асырды.
  • «Парма» – қонақтар сапында ең көп ұпай жинағандар Эйгирдас Жукаускас (20 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 4 рет допты тартып әкетті) және Борис Савович (19 ұпай, 7 рет доп қағып алды, 5 пас) болды.


«Астананың» бас бапкері Эмиль Райкович:
— Ойын соңында «ПАРМА» белсенді түрде прессинг қолданып, біз шығыршық түбінде оңай ұпай олжалаудан қалдық. Қорғанысқа келер болсақ, біз шығыршықтан қайтқан допты қағып алуда, әсіресе ойынның шешуші сәттерінде, жанкештілік танытуымыз керек еді. Басқа жағынан алғанда, барлық ойыншылардың өнер көрсетулеріне мүмкіндік бердік. Николай Бажин алаңда көп уақыт өткізді, Антон Пономарев пен Асқар Майдекинге де мүмкіндік берілді. Мен бұған дейін айтқанымдай, біз бұл ойындарда жергілікті жігіттерді көп ойнатуға көңіл бөліп жүрміз. Бұл тәжірибе келесі маусымда кәдеге асады.

«Парманың» бас бапкері Казис Максвитис:
— Өз командамды жеңісімен құттықтаймын. «Астана» лайықты түрде қарсыласты. Біздің команда алыс жолдан шаршап келіп, ширақтық таныта алмады. Бұл ойынның бірінші жартысында байқалып тұрды. Үлкен үзілістен кейін біз батылырақ қимылдап, соңына дейін шайқастық, әрі лайықты түрде маңызды жеңіске жеттік.
 


Келесі матч: Енді Эмиль Райковичтің командасына түзде, ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, «Локомотив-Кубань» клубымен өтетін ойынға дайындалу керек. Бұл кездесу сенбі күні, 3 сәуірде өтеді.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»