«Астана» Девин Марблмен келісімшартты бұзды

29.03.2021, 10:10    Оқылғаны: 338
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы мен америкалық шабуылшы Девин Марбл екіжақты келісім бойынша өзара келісімшартты мерзімінен бұрын бұзды.

Девин командаға маусым басында тіркеліп, команда құрамына өткен жылдың қазан айында келіп қосылған. Астана командасы сапындағы бес айдың ішінде ол 20 ойынға қатысты. Оның 11-ін ВТБ Бірыңғай лигасы аясында, ал 9-ын Ұлттық лига додасында өткізді.

Команданың жаттықтырушылар құрамы Марблды үнемі алаңға шығарып отырды: Қазақстан чемпионатында – орта есеппен бір ойында 20 минуттан, ВТБ Бірыңғай лигасында – шамамен 26 минуттан. ВТБ Бірыңғай лигасындағы матчтардың көбісінде Девин команда қоржынына 10 ұпайдан артық қосып отырды. Алайда соңғы үш ойында оның нәтижелілігі едәуір төмендеп кетті. Ол негізінен ұлттық біріншілігімізде тұрақты ойын үлгісін көрсетті, бұл ретте оның орташа көрсеткіші 14,8 ұпай болды. Шығыршыққа дөп түсірген соққыларына ден қойсақ, ол орта қашықтықтан нысананы 42% дәлдікпен дәл көздеген, ал алыстан – 33%, айып соққысы сызығынан – 71%. Екі турнирдегі басқадай ойын көрсеткіштері жағынан Девиннің көрсеткіштері іс жүзінде бір-біріне ұқсас болып шықты – орта есепен әр ойында 3,7 рет қайтқан допты қағып алып, 2,5 пас беріп, 2 рет допты тартып алып отырды. ВТБ Бірыңғай лигасындағы «Астана» сапында өткізген ең үздік ойыны Саратовтың «Автодорымен» додаға түскендегі матч болды. Онда ол ұпай жинаудан өзінің осы маусымдағы жеке рекордын орнатты – 19 және тиімділгі көрсеткіші де жоғары болды – 21.

Клуб Девинге команда сапында төккен тері үшін алғыс білдіріп, алдағы карьерасына толағай табыс тілейді.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»