«Астана» тәжірибелі америкалық алып Эрик Бакнермен келісімшартқа отырды

26.02.2021, 18:00    Оқылғаны: 539
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубы америкалық орталық шептегі ойыншы Эрик Бакнермен келісімшартқа отырғанын жариялайды.

Эрик Бакнер
 - 1990 жылы 26 сәуірде Эрхардт қаласында (Оңтүстік Каролина, АҚШ) туған – америкалық кәсіпқой баскетболшы, орталық шепте ойнайды.

Бакнер «Gulf Coast State College» колледжінің бірінші және екінші курстарында екі маусым ойнап, одан кейін Джорджия штаты Университетіне ауысады. Онда да баскетбол алаңында көзге түсіп, NCAA додасында өнер көрсетеді, тіпті 2012 жылы команданың ең үздік ойыншысы атанады.

Эриктің кәсіби карьерасы 2012 жылы, колледждегі оқуын тәмамдаған бетте, Түркияда басталады. Ол 2016 жылға дейін төрт маусым бойы «Uşak Sportif » (2012/2013),  «İstanbul BB» (2013/2014), «Uşak Sportif» (2014/2015) және «Türk Telekom» (2015/2016) командалары сапында ойнайды. 2015 жылы Бакнер «Boston Celtics» командасы сапында NBA Жазғы лигасында бақ сынайды. 2016/2017 маусымының басында ол Қытай ұлттық біріншілігіндегі «Henan Golden Elephants» командасы сапында өз әлеуетін байқап көреді. Бірақ көп ұзамай Грекияның «Aris Basketball Club» командасына ауысып кетіп, онда Жаңа жылға дейін ойнайды. 2017 жылы 14 қаңтарда Бакнер қайтадан Түркияға барып, «Büyükçekmece Basketbol» командасымен келісімшартқа отырады. 2018 жылдың аяғында «AS Monaco Basket» командасына ауысып, Францияның PRO A лигасында екі маусым өнер көрсетеді. Биылғы маусымды да Эрик Францияда бастаған, бірақ «Élan Chalon» командасы сапында. Бұл ұжымда ол орта есеппен бір матчта 8,1 ұпайдан еншілеп, 4,5 рет шығыршықтан қайтқан допты қағып алып отырған.

Біз сіздерге Эриктің Instagram желісіндегі аккаунтына жазылуды ұсынамыз.
 


Эрикке тезірек астанаға бейімделіп, біздің ойыншылармен және жаттықтырушылар штабымен тіл табысып кетуіне тілектеспіз. Әрі, әрине, оны «Астананың» сары-көкшіл жейдесімен алаңда көруге асықпыз.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»