«Астана» түзде «Ақтөбемен» қарымта екі ойын өткізеді

05.02.2021, 18:15    Оқылғаны: 331
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
Ақпан айының бірінші демалысын, яғни 6 және 7 күндерін «Астана» баскетбол клубы Ақтөбеде өткізіп, осы қаланың өзі аттас жергілікті командасымен Ұлттық лига чемпионаты аясында екі рет додаға түседі.

«Ақтөбе»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лигасы жеңімпазы: 2018/2019

Баскетбольный клуб Актобе 2020/2021

Біздің команда мен «Ақтөбенің» Ұлттық лиганың биылғы маусымындағы алғашқы екі ойыны астанада, 9 және 10 қараша күндері өткен. Онда “Астана” екі рет ірі жеңіске жетіп, екеуінде де 100 ұпайдан артық еншілеген. Содан бері «грифондар» 8 ойын өткізіп, соның бәрінде батыс командасы қарсыластарына есе жіберіп алды.

Команда сапындағы өзгеріс: «Ақтөбе» сапынан Ресей ойыншысы Николай Муха кетіп қалып, “Қарағандыға” ойысты. Сондай-ақ, Рамазан Самсин “Атырау Барыстары – 2” командасына ауысты. Командаға бір жаңа ойыншы қосылды – Бақыт Маханалин. Ол бұған дейін баскетболдан Ұлттық Студенттер Лигасында ойнаған.

Команда көшбасшылары: Бүгінге дейінгі команданың ең тиімді және ең көп ұпай жинаған ойыншысы Александр Папшив болып саналады. Сондай-ақ негізгі құрамда Әмір Әзизов, Владислав Гусак, Василий Петришинец және Сергей Борматенков ойнайды.

Турнир кестесіндегі жағдай: Ақтөбеліктер биылғы маусымда 16 ойын өткізіп, соның біреуінде ғана жнңіске жетті. Оның өзі маусым басында өткен ойын болатын. Мұндай нәтижемен команда тек алтыншы орында, яғни көш соңында табан тіреп тұр. “Астана” болса, Ұлттық лиганың турнир кестесінде оған диаметрлік қарама-қарсы шепке орналасқан, яғни 14 ойыннан соң жеңілістің дәмін татып көрмей, көш бастап келеді. Алдағы матчтардың нәтижелері екі команданың турнир кестесіндегі орындарына ешқандай да әсер етпейді және екі ойын қалай аяқталса да, командалар өз орындарында қалады.

Матчтар сенбі және жексенбі күндері, яғни 6 және 7 ақпанда Ақтөбедегі «Қоныс» спорт сарайы аренасында өтеді. Бірінші матч астана уақытымен 19:00-де, ал екіншісі 17:00-де басталады. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»