«Астананың» «Алматы Легионымен» өз алаңындағы қос ойыны Щучинскіде өтеді

25.01.2021, 20:00    Оқылғаны: 299
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» баскетбол клубының «Алматы Легионымен» өз алаңында өтетін қарымта қос ойыны COVID-19 нәубеті салдарынан, астанаға енгізілген шектеу шараларына байланысты Щучинскідегі бейтарап алаңда өтеді.

«Алматы легионы»
 – Қазақстанның ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Алматы қаласынан, 2006 жылы құрылған «Алматы» баскетбол клубының құрамына енеді.

Жетістіктері:

  • Қазақстан кубогының екі дүркін жеңімпазы — 2015, 2016
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының чемпионы — 2017/2018
  • Қазақстан Жоғарғы лигасының күміс жүлдегері — 2016/2017
  • Қазақстан Ұлттық лигасының күміс жүлдегері — 2007/2008, 2014/2015
  • Қазақстан Ұлттық лигасының қола жүлдегері — 2008/2009


Алматы Легионы баскетбол клубы 2020/2021

“Астана” биылғы маусымда “Алматы Легионымен” екі матч өткізген. Бұл ойындар өткен жылғы желтоқсан айының басында оңтүстік астанада өткен. Әрі біздің команда екі кездесуде де қарсыласын ойсырата ұтқан болатын. Жаңа жылда алматылықтар сапында қиындықтар туындады, соның кесірінен олардың құрамдары біршама әлсіреп қалды. Осылайша, “Астана” алдағы екі ойында сөзсіз фаворит болып саналады.

Команда құрамындағы өзгерістер: Жоғарыда атап өткеніміздей, “Легион” қаржы мәселесіне байланысты құрамын өткен екі матчпен салыстырғанда едәуір өзгертті. Командадан легионерлерінің бәрі кетіп қалды: Дмитрий Свиридов, Александр Кодола, Сергей Марихин және Роман Лагутин, соңғысы “Каспий” командасына ауысты. Сондай-ақ осы Ақтау командасына алматылықтардың тағы көшбасшысы ауысып кетті – Роман Марчук. Ал Әнуар Шәкіров Шымкенттің “Қазығұрт” командасына ойысты. Сонымен қатар, “Легион” құрамынан Константин Марзан да кетіп қалды. Олардың орындарын фарм-командасындағы жас ойыншылары басты: Райымбек Рахмедет, Арсен Ордоков, Диас Қалымбетов, Андрей Волков, Даниил Севергин, Әділ Тайыпов және Қайрат Райымов.

Команда көшбасшылары: Негізгі құрамдағы ойыншыларының басым бқлігі кетіп қалған соң «Легионның» жаттықтырушылары құрамы жастарға сенім артып жүр. Жаңа жылға дейін де тәп-тәуір өнер көрсеткен Вадим Коржов дәл қазір команданың ең тиімді және көп ұпай жинаған ойыншысы болып отыр. Негізгі құрамдағы “алыптар” рөлі Никита Тимофеев пен Даниелл Альбрантқа бұйырды. Сонымен қатар, қазір негізгі құрамда Темірлан Жүнісов, Вадим Фабрикантов, Станислав Сахипов және Максим Раковских ойнап жүр.

Турнир кестесіндегі жағдай: “Астана” Қазақстан чемпионатында бірінші орынды меншіктеп, ел біріншілігінде жеңілістің дәмін әлі татпай келеді. “Алматы Легионы” Жаңа жылға дейін, яғни қиын жағдайға тап болғанша, маусымды тәп-тәуір өткізіп келе жатқан, нақтырақ айтқанда, 14 ойында 7 рет жеңіске жеткен болатын. Бұл олардың үшінші орынға орналасуларына мүмкіндік берген еді. Алайда, құрамдары өзгеріске ұшыраған соң, олар Қостанайда екі рет ойсырай ұтылып қалды. Әйтсе де, маусымның бірінші бөлігінде еншілеген ұпайлары олардың әлі де үздік үштіктегі орындарында тұрақтай тұруларына мүмкіндік беріп келеді. Рас, егер олар алдағы екі ойында да ұтылып қалса, онда үшінші орынды “ Тобылға” босатады.

Матчтар сейсенбі және сәрсенбі күндері – 26 және 27 қаңтарда Щучинскідегі «Жақсы – 2» спорттық базасы аренасында өтеді. Бірінші матч астана уақытымен 18:00-де, ал екіншісі 15:00-де басталады. Матчтардың онлайн-трансляциялары сайтымыздың басты бетінде және біздің YouTube арнамызда жүргізіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»