ВТБ Бірыңғай лигасының 2021 Жұлдыздар матчына ойыншылар таңда

14.01.2021, 18:00    Оқылғаны: 755
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

2021 жылы 14 ақпанда, Мәскеудегі ВТБ Аренасында, өз тарихында бесінші өтетін ВТБ Бірыңғай лигасының 2021 Жұлдыздар матчына жанкүйерлер арасындағы дауыс беру рәсімі басталды.

Ойын «Ресей жұлдыздары» — «Әлем жұлдыздары» форматында өтеді. Сіздер сүйікті ойыншыларыңыз үшін ВТБ Бірыңғай лигасының ресми серіктесі, Вконтакте әлеуметтік желісінде дауыс бере аласыздар. Дауыс беру Мәскеу уақытымен 2012 жылдың 25 қаңтарындағы сағат 12:00-ге дейін созылады.

Дауыс беру рәсіміндегі бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша ВТБ Бірыңғай лигасы 66 ойыншыдан құралған, Матчқа қатысатын үміткерлердің кеңейтілген тізімін жариялайды – Ресей командаларынан 6 баскетболшыдан (3 ресейлік және 3 легионер) және шетелдік командалардан 3 баскетболшыдан.

Екінші кезеңде, яғни 26 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта, ресейлік және шетелдік ірі БАҚ журналистеріне Жұлдыздар командасын жасақтау ұсынылады. Журналистер арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Лига ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздары матчына қатысатын соңғы тізімді ұсынады.  

Дауыс беру парақшаларына сілтемелер:


Билеттерді сатып алуға болатын промо-сайт: https://allstar2021.vtb-league.com, сондай-ақ билет сервистері сайттары – Яндекс Афиша және ВТБ Арена.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»