ВТБ Бірыңғай лигасының 2021 Жұлдыздар матчына билеттер сатыла бастады

13.01.2021, 19:00    Оқылғаны: 481
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:

2021 жылы 14 ақпанда, Мәскеудегі ВТБ Аренасында өтетін ВТБ Бірыңғай лигасының 2021 Жұлдыздар матчына билеттер сатыла бастады.

Билеттерді сатып алуға болатын промо-сайт: https://allstar2021.vtb-league.com, сондай-ақ билет сервистері сайттары – Яндекс Афиша және ВТБ Арена.

ВТБ Бірыңғай лигасының Бас директоры – Илона Корстин: 
— Бізге биыл дәстүрлі Жұлдыздар матчын жайнатып, есте қаларлықтай дәрежеде өткізумен қатар, көрермендер үшін де, оған қатысатын ойыншылар үшін де қауіпсіз деңгейде ұйымдастыру – өте маңызды. Роспортебнадзор талаптарына сай аренаға көрермендерді отырғызу әлеуметтік арақашықтықты сақтаумен жүзеге асырылады. Сондықтан бүкіл аренаның тек 25 пайызы ғана толтырылады. Билеттерді сату тек Яндекс және ВТБ Арена сервистері арқылы онлайн жүйесінде жүзеге асырылады.

ВТБ Бірыңғай лигасы тарихындағы бесінші Жұлдыздар матчына шақырылатын жұлдыздардың есімдері мен толық ақпараттар алдағы уақытта жарияланады.
 



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»