«Барыстар» «Астанамен» тайталасты-ақ, бірақ матчтың екінші жартысында жігерлері құм болды

30.11.2020, 10:00    Оқылғаны: 262
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» баскетбол клубының түздегі «Атырау Барыстарымен» болған кездесуі, матчтың бірінші бөлігінде, табан тірескен қызу додамен басталды.   Бірақ үлкен үзілістен кейін біздің жігіттер ойын тізгінін өз қолдарына алды да, алаң иелерінің аптықтарын басып, жеңіске жетті. Атырауда Эмиль Райкович алаңға Қазақстан ойыншыларымен бірге Девин Марбл мен Майкл Томпсонды шығарды.

Бұл ойында есепті Антон Пономарев ашты. Бірақ “Атырау Барыстары” бұған дайын болып шықты, әрі тез арада таразы басын өздеріне қарай аударып алды. Девин Марбл есепті теңестіріп, содан соң ол біздің команданы қайтадан алға шығарды. Бірақ бұл да ұзаққа созылмады. Алаң иелері бірінші кезең бел ортасынан ауғанда еселерін қайтарды. Алаңдағы тартысты доп додасы бәр сәтке де бәсеңсімей, одан әрі қыза түсті. Жасыл-ақ жейделілер өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, қайта-қайта суырылып, алға шығумен болды. Бірақ алысқа ұзап кете алмады. “Астана” қуып жетуге тырысып отырды. Ал біздің капитан – Рустам Мырзағалиев екі рет есепті теңестірді. Әрі екіншісінде, мергендігін бірінші кезеңнің соңғы секундтарында паш етті. Осылай, алғашқы онминуттық тең есеппен аяқталды – 20:20. Екінші кезеңде де біріншісіндегідей шиеленісті доп додасы жалғасын тапты. “Барыстар” бірден алға шықты, бірақ Мырзағалиев қайтадан таразы басын теңестірді. Ал Максим Марчук астана командасын алға шығарды. Қара үзіп кету жайлы айтудың өзі артық, өйткені екінші кезеңнің ортасына қарай есеп кезекті рет теңесті. Матчтың бірінші жартысының соңғы бес минутында біздің команда тағы да қуып жетуге тырысумен болды. Әрі тағы да соңғы секундтарда өз мұраттарына жетті. Үлкен үзіліске шығардың алдында Антон Пономарев үш ұпайлық соққысын дөп түсіріп, есепті теңестірді – 39:39.

Дмитрий Гаврилов

Матчтың бірінші жартысы екі команда да тек жеңіске жетуді көздейтіндіктерін көрсетті. Доп додасы қыза түсті. Бірақ ұзаққа созылған жоқ. Әуелі Майкл Томпсон таразы басын тең шамаға жеткізді. Одан кейін алаң иелері ұзап кетуге тырысқан біздің ұжымды тоқтатып, есепті теңелтті. “Астананы” Майкл Томпсон кезекті рет алға шығарды. “Атырау Барыстары” біраз уақыт біздің команданың өкшесін басып, қалмай отырды. Бірақ есепті кезекті рет теңестіре алмады. Ал біздің команда ойын тізгінін бірте-бірте өз қолдарына ала бастады. Девин Марбл есеп айырмасын бұл матчта бірінші рет екі таңбалы санға жеткізді. Сөйтіп, отыз минуттық ойын уақытытан соң “Астана” алға оза бастады. Бірақ бұл басымдықты арқаны кеңге саларлықтай деп айтуға әлі ерте еді – 55:67. Төртінші кезеңде астана командасы алаң иелерінің аптықтырын түпкілікті басты. Олардың ойындары мүлде үйлеспей қойды. Бастапқы бес минутта “Атырау Барыстары” мүлдем ұпай еншілей алмай, пұшайман болды. Ал “Астана”, керісінше, өз мүмкіндіктерін мүлт жібермей, өз басымдығын екі еседен артық шамаға ұлғайтты. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда біздің жігіттер 24 ұпай айырмасымен ұтып жатты. Былайша айтқанда, матч тағдыры шешілген де еді. Алаң иелері соңғы кезеңдегі алғашқы ұпайларын матчтың аяқталуына үш минут қалғанда ғана еншіледі. Ал бұл кезде олар ойсырай ұтылып жатқан болатын. Сөйтіп, атыраулықтар соңғы он минутта небәрі төрт ұпай ғана еншілеп, ірі есеппен ұтылып қалды – 59:89.

Ең көп ұпай еншілегендер:
  • «Атырау Барыстары» – алаң иелері сапындағы америкалықтар нәтижелі ойын өрнектерін көрсетіп, Райан Кук пен Эдвард Картер III бүгін 15 ұпайдан еншіледі.
  • «Астана» – ең тиімді және көп ұпай еншілеген ойыншы Девин Марбл болды – 23 ұпай, 4 рет доп қағып алды және 5 рет допты “қиып” әкетті. Майкл Томпсон өз еншісіне 14 ұпай жазды, 3 рет доп қағып алып, 3 рет допты “қиып” әкетті және 6 пас берді. Роберт Панның еншісінде – 10 ұпай. Ал Дмитрий Гаврилов бүгін 6 ұпай еншілеп, 8 рет доп қағып алды.

Салдары: “Астана” маусымдағы жеңіліссіз ойындарын одан әрі сабақтай түсті, әрі біздің команда турнир кестесінің басында өздерін сенімді сезініп жүр. Ал “Барыстар” бүгін жеңіліске ұшырап, алдарына “Алматы Легионын” шығарып алып, үшінші орынға сырғыды.

Келесі матч: «Атырау Барыстарымен» өтетін екеуара екінші ойын ертең, яғни 30 қараша күні Атыраудағы «Jysan Arena» спорт кешені алаңында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 18:00-де.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»