«Астана» баскетбол клубы – Қазақстан кубогының сегіз дүркін жеңімпазы

19.11.2020, 21:00    Оқылғаны: 324
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Барлық жанкүйерлерімізді «Астана» баскетбол клубының Қазақстан кубогын сегізінші рет жеңіп алуымен құттықтаймыз! Бас бәйге үшін өткен финалдық матчта біздің жігіттер Қостанай қырандарына ешқандай мүмкіндік берген жоқ.

Бұл ойында есепті қостанайлықтар ашты, бірақ Дмитрий Гаврилов таразы басын тез теңестіріп, Рустам Мырзағалиев біздің команданы алға шығарды. «Астана» алда болды, бірақ Қостанай командасы олардың қарқындарына төтеп беріп, еселерін жібермеуге тырысып, біздің жігіттердің алысқа ұзап кетулеріне мүмкіндік бермеді. Алайда «Тобыл» үшін алғашқы қауіпті сәт Вадим Щербак екі ұпайлық добын дөп түсіріп, айып соққысын орындауға қол жеткізіп, әрі оны мүлтіксіз орындап шыққанда жүзеге асты. Осыдан кейін, матчтың алтыншы минутында, “Астана” он ұпай айырмасымен қара үзе бастады. Әйтсе де, қостанайлықтар екі рет нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, есеп айырмасын алты ұпайға қысқартты. Бірінші кезеңнің аяғы тартысты өтіп, қостанайлықтар жеңісті қолдан бермейтіндіктерін көрсетіп, тайталасып бақты. Бірінші кезеңнің аяқталуына қырық секунд қалғанда, небәрі үш ұпай айырмасымен ұтылып жатты. Алайда Роберт Пан шығыршықты алыстан дәл көздеп, осы кезеңнің нүктесін қойды – 22:28. Екінші кезеңде «Тобылдың» ойыншылары есепті тағы да үш ұпайға дейін қысқартты. Бірақ бұдан соң біздің жігіттер ойын тізгінін толықтай өз қолдарына алды. Әуелі алыстан ататын артиллериямыз, нақтырақ айтқанда Рустам Мырзағалиев пен Вадим Щербак мергендіктерін паш етсе, одан кейін еңгерзедей алыптарымыз, яғни Дмитрий Гаврилов пен Антон Пономарев есеп айырмасын 15 ұпайға жеткізді. “Тобыл” біздің команданың одан әрі екпінін күшейтуіне жол бермей, тосқауыл қоя алды. Бірақ есеп айырмасын аз да болса, қысқарта алмады. Есеп айырмасы орта есеппен он бес ұпайдай болып, екінші кезеңнің тоғызыншы минутына дейін сақталып тұрды. Ал содан соң Рустам Мырзағалиев пен Руслан Айтқали үш шабуылымызды сәтті аяқтады. “Тобыл” бұларға жауап қата алмады. 34:55 – матчтың бірінші жартысының қорытындысында “Астана” 20 ұпайдан артық басымдықпен үстем түсті.

Үшінші кезеңнің басында тағы да Руслан Айтқали ерекше көзге түсіп, үш шабуылда 7 ұпай еншіледі. Ал «Астана» 25 ұпайдан артық басымдықпен құйрық үзе бастады. Бір минуттан кейін Вадим Щербактың тиімді ойын өрнегінің арқасында есеп айырмасы арқаны кеңге саларлықтай, 30 ұпайға жетті. Мұндай елеулі айырмашылық біздің команданың жеңіске деген сенімділіктерін артыра түсті. Ал “Тобылға” ойын өрнегіне өзгеріс енгізу үшін жанкештілік таныту қажет болды. Әрі қостанайлықтар нәтижелі екі шабуыл ұйымдастырды да, бірақ  біздің команда оларды тез тоқтатып, ойын өрнегін өзгертулеріне титтей де мүмкіндік берген жоқ. Үшінші кезең аяқталғанша, есеп айырмасы 30 ұпай шамасында тербеліп тұрды – 51:81. Төртінші кезеңде “Астана” ойын тізгінін уыстарында қысып ұстап, сегізінші кубокқа адымдай түсті. Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда “Астана” +35 айырмасымен ұзап кетті. Сондықтан астана командасының жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтіре алмады. Тек дәл осы сәтте «біздің жігіттер ұпай қорларын жүздікке жеткізе алар ма екен» деген ғана қызығушылық туындады. Ол да жүзеге асып, Асқар Майдекин матчтың аяқталуына бір жарым минут қалғанда есепті үш таңбалы санға жеткізді. Ал бұл матчың қорытынды есебін Роберт Пан түйіндеді – 66:102.
 


Ең көп ұпай еншілегендер:

  • «Тобыл» – қостанайлықтардың көшбасшысы Антон Быков бұл жолы да көзге түсті (27 ұпай, 10 рет доп қағып алды). Қостанайлықтар сапында одан басқа ешкім 10 және одан артық ұпай еншілей алмады: Максим Воейков – 7 ұпай, 4 рет доп қағып алды және Руслан Чернявский – 8 ұпай.
  • «Астана» – бүгін команданың барлық ойыншылары ұпай еншілеп, шығыршықтан қайтқан допты қағып алды. Команда капитаны Рустам Мырзағалиев құйын болып орап соқты – 26 ұпай, 3 пас және 4 рет допты “қиып” әкетті. Роберт Пан – 18 ұпай және 2 рет доп қағып алды; Руслан Айтқали – 14 ұпай, 2 рет доп қағып алды, 2 пас және 2 рет допты “қиып” әкетті; Вадим Щербак – 12 ұпай және 3 рет доп қағып алды. Ал Дмитрий Гаврилов 8 ұпай еншілеп, 8 рет доп қағып алды және 3 пас берді.


Салдары: «Астана» – Қазақстан кубогының сегіз дүркін жеңімпазы, ал біздің команданың үш ойыншысы турнирдің таңдаулы үздік бестігіне ілікті – Рустам Мырзағалиев, Роберт Пан және Руслан Айтқали.

Астана баскетбол клубы — Қазақстан кубогы 2020

Келесі матч: астана командасы енді екі апталық үзіліске шығып, желтоқсан айындағы бір-біріне іркес-тіркес маңызды ойындарына дайындалады. Нақтырақ айтқанда, 5 желтоқсанда «Нижний Новгород» клубын қабылдап, ВТБ Бірыңғай лигасындағы ойындарын сабақтайды.

Жалпы, турнир жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»