«Easy Bounce» «Астананың» мерекелік джерсилерін сата бастады

08.10.2020, 10:00    Оқылғаны: 660
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Құрметті жанкүйерлер, сіздерден сүйінші сұрайтындай қуанышты жаңалығымыз бар! Енді сіздердің кез келгеніңіз сүйікті командамыздың мерекелік сарғыш-көкшіл жейдесіне қол жеткізе аласыздар. «Easy Bounce» баскетбол дүкенінде «Астана» баскетбол клубының 2020/2021 маусымындағы жаңартылған джесиінің репликасы және мерейтойға арналып тігілген дизайндағы клубтың басқа да киім-кешектері сатыла басталды.

Биылғы маусымда киім-кешек жинағы тек үйдегі және түздегі ойындарға киетін жейдемен және қысқа шалбармен шектелмейді, ал бұларды сіздер әрқайсысын бөлек те, екеуін бірге де сатып ала аласыздар. Сондай-ақ биыл стильді жейделер және жеңі ұзын жылы жейделер де сатылады.

Тапсырыс: киім-кешектер мен жейделерді Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 2, ВП 19 мекенжайына орналасқан «Easy Bounce» дүкенінен сатып алуға болады. Дүкеннің жұмыс уақыты — демалыссыз, 10.00 — 20.00. Немесе тапсырысты https://easybounce.kz сайтында онлайн арқылы жүзеге асыруға болады, тек ақысын міндетті түрде алдын-ала 100% төлеуіңіз керек.   

«Есігіңізге дейін» жеткізу қызметі бүкіл Қазақстан бойынша жүзеге асырылады, бағасы – 2 000 теңге. Сонымен қатар, басқа да елдерге жеткізу қарастырылған, тек оның бағасы тапсырыс берушімен жеке есептеледі.

Байланыс телефондары: барлық сұрақтарыңыз бойынша  8 7172 95 19 52 немесе + 7 777 310 00 59 телефондары арқылы хабарласыңыздар, сіздерге тауар таңдап алу мен жеткізу жолдары жайлы жан-жақты кеңес береміз.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»