«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ спорт клубтарды тікелей қаржыландырады

07.10.2020, 10:30    Оқылғаны: 507
Дереккөз:
Автор:
«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубына кіретін спорт клубтарын қаржыландыру тәртібі өзгерді. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов мәлімдеді.

«Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және тікелей «Самұрық-Қазына» қорымен қаржыландырылады.

Таратылатын ПКСК-ның экс-басшысы Асқар Баталов «Samruk-Kazyna Trust» Қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде спорттық клубтар қызметін қадағалауды жалғастырады.

«Мақсат — көп деңгейлі есептік және қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік-басқару персоналын ұстауға қосымша шығындарды алып тастау», — деп атап өтті Асқар Баталов.

Айта кетейік, «Астана» ПКСК 2012 жылы спортты мемлекеттік қолдауды күшейту, Қазақстан мен оның астанасының әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттауға және жоғары жетістіктер спортын дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі департаменті
 

Анықтама:

 «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акционері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммерциялық құрылым – инвестициялық холдинг саналады. Оның миссиясы — Қазақстан Республикасының ұлттық әл-ауқатын көтеру және ұлттық экономиканы жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұрық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компаниялардың ұзақмерзімдік құны мен тұрақты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым секторларының дамуына каталитикалық инвестиция салу арқылы жүзеге асырады. Қор активі шамамен $67 млрдты құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркәсіптерінің, тау-кен кешендерінің, энергетика, машина құрастыру және жылжымайтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»