«Астана» Мерейтойлы 2020/2021 Медиа-күнін өткізді

20.09.2020, 12:00    Оқылғаны: 247
Дереккөз:
Автор:

Камералар жарқылы, үмітке толы жаңа маусым, көтеріңкі көңіл-күй және телегей-теңіз жаңа контенттер. Мұның бәрі – 19 қыркүйекте астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында өткен «Астана» Президенттік баскетбол клубының мерейтойлы Медиа-күні.

Қазіргі қиын-қыстау кезеңге қарамай Медиа-күн өте жоғары деңгейде өтті. Клубтың мұрағаты мыңдаған қызықты фотолармен, әсерлі видеолармен, тіпті команданың түгелдей бетперде киіп түскен суретімен толықты. Енді бәріне де ретімен тоқталып өтсек…

Бұл шараға қатысқандар: клубтың бас менеджері – Валерий Алексейұлы Тихоненко және оның орынбасары Ренат Бигзаев, барлық ойыншылар және команданың бапкерлері құрамы. Әйтсе де, таяу күндері астанаға ұшып келуі тиіс екі жаңа ойыншымыз қатыса алмады.

Медиа-күн кеші команда сапына қосылып үлгерген «Астананың» жаңа ойыншыларына салтанатты түрде атаулы джерси табыстау рәсімімен басталды. Валерий Алексейұлы ойыншыларға сары-көкшіл түсті жейделерді өз қолымен тапсырып тұріп, оларға ақжол тіледі.

Валерий Алексейұлы Тихоненко

Бұдан кейін боладысымен қызықты фотосессия басталды. Әрі ол жалпы командалық фотоға түсумен ашылды. Біздің команда әдеттегідей Ұлттық лига мен ВТБ Бірыңғай лигасы додаларына киетін киімдерімен ғана суретке түсіп қоймай, биылғы жылғы әйгілі трендтен тыс қалмай, бетперде киіп те, камералар объективіне басылды. Осы ретте айта кетуге тиіспіз, Медиа-күнге арналып, клубтың мерейтойлы логотипі бар арнайы брендтік бетперделер тігілген болатын. Бізді жігіттер енді осы бетперделерді санитарлық-қауіпсіздік шаралары тоқтатылғанша тағып жүретін болады.

Астана баскетбол клубы 2020/2021

Клуб пен ВТБ Бірыңғай лигасының сайттарындағы профайл үшін регламенттелген, ақ фонға суретке түсу рәсімінен бөлек, бұл шараға қатысқандардың бәрін клубтың 10 жылдық мерейтойына орайластырылған арнайы фотосессия да күтіп тұрған еді. Ол үшін арнайы, мерекелік фото-алаң дайындалған болатын. Жанкүйерлерге біздің команданың ойындарына келіп, көзбен тамашалауға рұқсат берілгенде, олар да осы сәнді фонда суретке түсе алады.



Әрине, мұндай маңызды шара біздің бойтұмарымыз Сэммисіз өткен жоқ. Бұл оның командамен бірге өткізген алғашқы Медиа-күні болды. Сэм өзінің фото портфолиосын жаңартып қана қоймай, Instagram және TikTok парақшаларына бірнеше жаңа видеолар түсіріп те үлгерді. Оларды жақын арада жариялайтын да болады.

Астана баскетбол клубының талисманы Сэм

Егер сіз мұның бәрін тікелей эфир және Instagram-дағы сторис арқылы көре алмасаңыз, онда біз сізге маусым алдындағы фото-сессияның ең қызықты сәттері қамтылған өзіміздің видео шолуымызды ұсынамыз. Сонымен қатар, клуб басшыларынан және ойыншыларынан алынған эксклюзивті сұхбаттарымызды да ұсынамыз. Көптен естігенше, өзіңіз көріп шыққаныңыз артық етпес.

Медиа-күн рәсімігің фото-баяны біздің сайтымыздың Медиа бөлімінде жарияланған. Фото сессияның толық бейнежазбасын біздің YouTube арнамыздан көре аласыздар. Жаңа видеолар мен тікелей трансляцияларды жіберіп алмас үшін жазылуды ұмытпаңыздар және қоңырауды басыңыздар.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»