«Астананың» Медиа-күні 19 қыркүйекте өтеді

18.09.2020, 13:00    Оқылғаны: 215
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Сенбі күні, 19 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі аренасында «Астана» Президенттік баскетбол клубының жаңа маусым қарсаңындағы Медиа-күні өтеді.

Медиа күн – бұл ойыншылар мен жаттықтырушылар алқасының әр клуб пен ВТБ Бірыңғай лигасының сайттарындағы профайлы үшін суретке түсетін ресми рәсімі ғана емес, креатив үшін замануи кеңістік, сондай-ақ дәстүрлі фотосессия барысында басқа клубтармен творчестволық тұрғыда сайысқа түсу және көңіл көтеру. Мұнда соны және тың идеялар ортаға салынады, тіпті баскетбол жабдықтарын бейқалыпты жағдайда қолданудан бастап, Медиа күнді тақырыптық шүйіркелесу ұйымдастырумен түйіндеуге де ұласады. Алдағы фотосессия клубтың 10 жылдық мерейтойына да арналады, әрине.

Өкінішке қарай, COVID-19 вирусы нәубетіне байланысты, биыл команданың маусым басындағы дәстүрлі тұсаукесер кеші мен жанкүйерлермен ресми кездесуін дәл қазір өткізу мүмкін емес. Сол себепті жаңа ойыншыларды таныстыру және оларға атаулы джерси табыс ету салтанаты Медиа-күн аясында өткізіледі.

Астана командасының жанкүйерлері Медиа-күн рәсімдерін бастан-аяқ YouTube бейнехостингінен, сондай-ақ клубтың Instagram парақшасынандағы сторисінен тікелей эфирде тамашалай алады.


Биыл ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионаты 20 қыркүйекте басталды. «Астана» биылғы маусымдағы бірінші ойынын 23 қыркүйек күні өз алаңында өткізіп, Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдайды. Ал түздегі алғашқы матчы 3 қазанда Қазанның УНИКС командасымен жоспарланған. Қазақстан чемпионатына келер болсақ, дәл қазір жаңа маусымның басталуы туралы ресми ақпаратты Ұлттық Баскетбол Федерациясынан күтіп отырмыз.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»