«Астана» маусым аралығындағы жолдастық кездесулерін Қазақстан клубтарымен өткізеді

16.09.2020, 10:00    Оқылғаны: 161
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

«Астана» президенттік баскетбол клубының командасы маусым басындағы оқу-жаттығу жиынын биыл коронавирус нәубетіне байланысты Нұр-Сұлтанда жалғастырып жатыр.

Жаттығу жиыны бапкерлер құрамының жоспары бойынша өтіп жатпағанына қарамастан, клуб әкімдігі маусым басындағы жолдастық кездесулерді ұйымдастыру үшін барлық күш-жігерлерін салып жатыр. Бүгін, 16 қыркүйек күні «Астананың» бірінші жолдастық кездесуі өтеді. Қарсыласы Қостанайдың «Тобыл» клубы болады. Матч көрерменсіз, бос трибуналарда ұйымдастырылады.

Бұл ойындағы «Тобылдың» құрамын былтырғысымен салыстырғанда біршама өзгеріс бар. Команданың негізін қалайтын тәжірибелі ойыншылары қалған. Атап айтқанда, Антон Быков, Константин Двирный, Максим Воейков, Даниил Селезнев, Фарид Каримуллин және Рустам Валиев секілді ойыншылар Қостанай командасының намысын одан әрі қорғайды. Жаңа ойыншыларына келсек, тобылдықтар сапына «Ақтөбе» түлегі Константин Нефф қосылды. Станислав Рововой мен Руслан Чернявский Көкшетаудың «Синегорье» командасынан келді. Сондай-ақ «Тобыл» сапында Дмитрий Климов ойнайтын болады. Ол «Астана» жанкүйерлеріне өте жақсы таныс, өйткені бірнеше маусым бойы біздің команданың сапында ойнаған. Сонымен қатар, ойын хаттамасына Ұлттық студенттік баскетбол лигасынан екі жас ойыншы ілікті. Олар – ЧелГУ командасының көшбасшылары Дмитрий Лучко және Михаил Мудрагеля. Команданың жаттықтырушылар құрамын сол бұрынғысынша Александр Дербуш басқарады.

Бірінші кезекте, бұл ойында екі команданың да бапкерлері тактикалық ойлары мен ойын өрнектерін жетілдіре түсуге тырысады.Әйтсе де, матч нәтижесіне де көңіл бөліп, дода көрігін қыздыратындары анық.

Матч 16 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда, «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Басталуы – астана уақытымен 18:00-де. 

Клуб бұл кездесуден басқа, ОЖЖ аясында Қазақстан клубтарымен тағы да бірнеше жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Толық ақпараттар өзара келіссөздер аяқталған соң жарияланатын болады.



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»