Туған күніңіз құтты болсын, Эмиль Райкович!

11.09.2020, 08:00    Оқылғаны: 671
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» президенттік баскетбол клубының ұжымы команданың бас бапкері Эмиль Райковичті туған күнімен құттықтайды! 

Эмиль Райкович – теңдессіз жаттықтырушы, кәсіпқой маман, өз ісінің хас шебері және білікті ұстаз. Өз шәкірттеріңізді жетілдіре түсу мақсатында бар күш-жігеріңізді салатын ыждаһатыңыз үшін рахмет! Олар чемпион атанып, сізге жеңіс энергиясының қуатын сіңіре берсін. 

Сізге бар жағынан, яғни доп додаларында, жаңа белестерді бағындаруда, жаңа рекордтарға қол жеткізе беруде және өз қабілетіңізді толықтай жүзеге асыру жолында сәттілік тілейміз. Жеңілістің кермек дәмін татпай, тек қуанышқа кенеліп, өзіңіздің игілікті жұмысыңыздан ләззат ала беруіңізге тілектеспіз. Зор денсаулық, қажымас қайрат және мұқалмас жігер тілейміз. Ең жоғарғы кәсіби және жеке мақсат-мұраттарыңызға қол жеткізе беріңіз, ал жоспарларыңыз орындала берсін. Әрқашан Сіздің және командаңыздың асығы алшысынан түсе берсін!


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»