«Астана» оқу-жаттығу жиынын Нұр-Сұлтанда бастады

06.09.2020, 10:00    Оқылғаны: 294
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:

Жаңа баскетбол маусымының басталуына үш аптадан да аз уақыт қалды. Осыған орай, «Астана» президенттік баскетбол клубының командасы елорадағы «Сарыарқа» велотрегі алаңында оқу-жаттығу жиынын бастап та кетті.

Эмиль Райкович бастайтын жаттықтырушылар құрамы Нұр-Сұлтанға келген. Сонымен қатар, қазақстандық ойыншыларға америкалық қорғаушымыз Джеремайя Хилл де қосылды. Алдағы маусымда ол «Астананың» намысын екінші жыл қорғайды.

Команда сапына келесі аптада қосылатын жаңа ойыншылар жайлы клубтың Спорттық директоры Рүстем Мұқановпен тілдесіп, биылғы жаттығу жиындарының қандай үлгіде өтетіндігін де білдік. Сондай-ақ, біздің жігіттер көңіл-күйлерімен бөлісіп, жазды қалай өткізгендерін де тілге тиек етті.
 



«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»