ВТБ Бірыңғай лигасы 2019/2020 маусымын тоқтатты

13.03.2020, 21:00    Оқылғаны: 474
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
FIBA бұған дейін коронавирус нәубетіне байланысты барлық турнирлерін 13 наурыздан бастап тоқтатқанын мәлімдеген. Ал ВТБ Бірыңғай лигасы осы ұйымның құрамына кіреді. Лигаға ресми құжаттар келіп түспесе де, Лига басшылары бұл мәселені клубтармен талқылап, сонымен қатар Еуропа және әлем спортындағы, әсіресе баскетболындағы жағдайды ескере отырып, 2019/2020 маусымын уақытша тоқтата тұру жайлы шешім қабылдады. Сондай-ақ Лига ойыншыларға ашық хат жолдап, чемпионатқа қатысатындардың денсаулығына алаңдаулы екендігін, оны назардан тыс қалдыра алмайтындығын білдірді.

Қазіргі сәтте чемпионатқа қатысатын елдердің бірінде, яғни Эстонияда коронавирустің таралу қаупіне байланысты төтенше жағдай жарияланған. Сонымен қатар, Лигадағы ойыншылар, команда өкілдері және төрешілер коронавирус жұқпасы (COVID-19) таралған бейберекет жағдайларды жариялаған Италия, Франция, Германия, Испания секілді мемлекеттердің және басқа да шетелдіктердің клубтарымен бірнеше мәрте қарым-қатынаста болды.

ВТБ Бірыңғай лигасы үшін ойыншылардың, жанкүйерлердің және чемпионатқа қатысушы барлық адамдардың денсаулықтары – бәрінен жоғары. Бұл ретте, Лига барлық адамдар үшін қауіпсіз жағдай орнағанда, чемпионатты қайта жалғастыруға да ниетті.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»