ВТБ Бірыңғай лигасы киберспорт турнирін іске қосады

05.12.2019, 10:00    Оқылғаны: 1034
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
ВТБ Бірыңғай лигасы және SGL киберспорт холдингі жанкүйерлер мен киберспортшылар үшін жаңа жобаны іске қосатын болды – Кибербаскетбол кубогы. Бұл жоба ВТБ Бірыңғай лигасының Жұлдыздар матчына орайластырылып отыр, турнир 16 желтоқсанда басталады.
 
Турнирдің басты мақсаты – бақ сынап көргісі келетін адамдардың бәріне өзін үлкен спорттың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беру.

Іріктеу сатысында турнирге қатысушыларға ВТБ Бірыңғай лигасында ойнайтын өзінің сүйікті баскетбол командасын таңдап алу қажет болады. Содан кейін осы клубты таңдап алған басқа бәсекелестерімен сайысқа түседі. Іріктеу кезеңінің 13 жеңімпазы финалға шығады, әрі қарай «лига+плей-офф» форматында еліміздің ең үздік кибербаскетболшысы анықталады.

Турнирге қатысу – тегін, ал жеңімпаздар үшін бағалы сыйлықтар қарастырылған.

Турнирдің жүлде қоры – 65 000 рубль:

1 орын — 35 000 рубль + Жеңімпаз кубогы
2 орын — 20 000 рубль
3 орын — 10 000 рубль

Турнир Playstation 4 ойын консольдарында өтеді, қатысу үшін лицензиялық NBA 2K20 қажет және виртуалды қызғылт-сары допты ырқына көндіре алатын деңгейін көрсеткісі келетін ынтасы зор болуы керек.

ВТБ Бірыңғай лигасының Бас директоры – Илона Корстин:
— ВТБ Бірыңғай лигасы киберспорттың болашағы зор екеніне сенеді және ол да классикалық спорт қағидаларымен дамып келе жатыр деп есептейді. Бірақ мақсатты аудиториясы – сәл өзгешелеу. Дәл осы, классикалық және компьютерлік баскетболдың симбиозы, біздің спортымыздың жастар арасындағы танымалдығына қосымша серпін беруі мүмкін. Біз дүниежүзі жанкүйерлерінің киберспорт турнирлеріндегі қызығушылығы болашақта       2К баскетбол симуляторында ВТБ лигасы клубтары мен көпшілікке танымал басқа да чемпионаттардың өкілдерінің пайда болуына ықпал етуіне талпынамыз.    
   
Қатысушыларды тіркеу 15 желтоқсанға дейін жүргізіледі: https://vtbleague.liga-online.com

Барлық сұрақтар мен мәселелер бойынша хабарласуға болатын дереккөздері: https://vk.com/cybervtbleague немесе support@liga-online.com


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»