«Астана» алғаш рет Ақтөбеге аттанды

29.11.2019, 20:00    Оқылғаны: 739
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
«Астана» Президенттік баскетбол клубы бірінші рет Ақтөбеге жол тартты, онда 1 және 2 желтоқсан күндері жергілікті «Ақтөбе» командасымен Ұлттық лига чемпионаты аясындағы соңғы екі кездесуін өткізеді.

«Ақтөбе» – Қазақстанның ерлер арасындағы баскетбол клубы, Ақтөбе қаласынан. 2017 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • Қазақстан чемпионатының Жоғары лигасы жеңімпазы: 2018/2019.



Алдағы кездесулер «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы үшінші және төртінші ойындар болады. Әрі астана командасы Ақтөбе қаласында бірінші рет өнер көрсетеді. Біздің жігіттер мен ақтөбеліктер арасындағы алғашқы екі матч 11 және 12 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында өткен. Сол екі ойында «Астана» алаңда толықтай үстемдік құрып, екі мәрте ірі есеппен жеңіске жеткен болатын – 92:63 және 116:50. Содан бері «Ақтөбе» 4 ойын өткізді: «Синегорьемен» болған екі ойында да жеңіліп қалды, бірақ тайталасып бақты. Ал «Тобылмен» додаға түскенде, қызыл-ақ жейделілер бірінші ойында қостанайлықтардың жүйкелерін тоздырып, 6 ұпай айырмасымен ғана ұтылды, алайда екінші матчта ойсырай ұтылып қалды. Маусым басталғалы Ақтөбе командасы жалпы саны 12 ойын өткізіп, тек 2 матчта ғана жеңіске жетті. 10 жеңілісінің 4-еуі «Атырау Барыстарымен» болған ойындарда тіркелді. Бірақ бір матчта дес бермей, 4 ұпай айырмасымен ғана ұтылды. «Астана», «Синегорье» және «Тобыл» клубтарына екі реттен есе жіберді. Ал жеңістеріне «Каспий» командасымен болған ойындарда қол жеткізді.   
 

Қарсыластың көшбасшылары: Қазақстан қорғаушысы Сергей Борматенков команда бойтұмарының біріне айналды, десек те болады, ол әрі осы ұжымның ең тиімді және нәтижелі ойыншысы болып, орта есеппен бір матчта 11 ұпайдан еншілеп жүр. Онымен қоса, Сергей шығыршықтан қайтқан допты қағып алу мен қарсы команданың добын тартып алудан да командаластарынан озып тұр. Ресей шабуылшысы Владислав Гусак та назар аударуға тұратын ойыншы, оның нәтижелілігі орта есеппен бір матчта 10,7 ұпайды құрайды. Қазақстандық орталық шеп ойыншысы Глеб Жуков және Қазақстан қорғаушылары Ибрагим Қонысов пен Айдархан Тоқтаров негізгі құрам бестігінде жиі ойнап жүр. Жалпы, негізгі құрам ойыншыларына қосуға болатын өзге де қазақстандықтар – қорғаушы Темірлан Жүнісов, шабуылшы Константин Нефф және орталық шептегі Константин Марзан.
 
Командадағы өзгеріс: бұған дейінгі, яғни қараша айының ортасында, Нұр-Сұлтанда өткен екі матчпен салыстырғанда, біздің қарсыласымыздың құрамы мүлде өзгерген жоқ.

Турнир кестесіндегі жағдай: «Ақтөбе» Ұлттық лига көшбасшылары қатарында емес, турнир кестесінде, бесінші, яғни төменнен санағанда, екінші орында тұр. Алдағы ойындар қалай аяқталса да, турнир кестесінде ешқандай өзгеріс жүзеге аспайды. Біздің команда Ұлттық лигада 10 ойын өткізіп, әрі оның бәрінде де жеңіске жетіп, жеке-дара көш бастап келеді.

Матчтар жексенбі және дүйсенбі күндері – 1 және 2 желтоқсандаАқтөбедегі «Қоныс» спорт сарайы аренасында өтеді. Матчтардың басталуы – астана уақытымен, жексенбіде 18:00-де, ал дүйсенбіде 20:00-де. Матчтардың онлайн-трансляциялары біздің сайтымыздың басты бетінде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Ticketon.kz сайтында «Астана» Президенттік баскетбол клубының ВТБ Бірыңғай лигасы аясында «Нижний Новгород» клубымен өз алаңында өтетін ойынына билеттер сатыла бастады. Бұл матч 7 желтоқсан күні Нұр-Сұлтандағы «Сарыарқа» велотрегі аренасында өтеді. Сүйікті командамызға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылатын дәстүрлі плакаттар бәйгесіне қатысу және біздің бойтұм Сэмми арымыз  мен клуб серіктесі – «Easy Bounce» баскетбол дүкені жүлделерін ұтып алу мүмкіндігін қалт жібермеңіздер. Бәйгеге қатысу шарттары Instagram желісіндегі біздің парақшамызда жарияланған.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»