Таныс болыңыздар! «Астананың» бойтұмары — Сэм!

04.11.2019, 22:30    Оқылғаны: 2027
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор:
4 қараша күні, Петербордың «Зенитімен» өз алаңында өткен матчта, «Астана» Президенттік баскетбол клубына елорда командасының бойтұмары – аты аңызға айналған «Самұрық» құсы қосылды. Достар мен клуб жанкүйерлері үшін – жай ғана Сэм немесе Сэмми.

Естеріңізге сала кетейік, «Астананың» маусым алдындағы тұсау кесер кешінде клубтың ата-баба рухына бас иіп, Тәңіршілдіктің негізгі элементтері ретінде табиғаттың дүлей күштеріне арнаған имидждік тұжырымдары жарияланған болатын. Клубтың көздеген имидждерінің басты тұжырымдары аты аңызға айналған Самұрық құсы туралы аңыз болған. Киелі Самұрық астана командасының жаңа жетістіктерге талпынған және жаңа биіктерді бағындыруға ұмтылған символы ретінде кейіптелген. Бәйтерек ағашы туралы аңыздағыдай, Самұрық құс алтын жұмыртқасы – Күнді алып Айдаһардан қалай қорғаса, «Астана» клубының ойындарында да өз қамқорлығындағы команданы дәл солай қорғаштайтын болады.

Осы ретте айта кетейік, Сэм бірінші ойындағы өз мақсатына абыроймен қол жеткізді – «Астана» дастанға бергісіз овертаймда петерборлықтардан жеңісті жұлып алды – 109:108. 
 

Сэм өзінің жыртқыштық өр мінезіне қарамай, өз командасының жанкүйерлерімен тату, әсіресе балаларды жақсы көреді. Астана командасының қанатты жебеушісінің арсеналында өзіне тән әсерлі билері де бар. Сонымен қатар, өзі де допты лақтырып тұруды теріс көрмейді, үнемі жаңа трюктер мен финттерін жетілдіре түсуге құмар. Әрі Сэмми жанкүйерлерді жүлде және сыйлықтарымен қуанышқа бөлегенді жақсы көреді. Өз командасының бірінші ойынында ол клубтың серіктесі – «Easy Bounce» баскетбол дүкені атынан «Астана» джерсиінің репликасын және «Trattoria Margarita» мейрамханасынан 10 000 теңге сертификатын ұтысқа салды.

Заман үрдісінен қалмай, Сэм Instagram желісінде өз аккаунтын жүргізе бастады. Оған ол ізін суытпай жанкүйерлермен түскен жаңа суреттерін салып, өзінің жаңа бәйгелері мен ұтыс ойындарын өткізіп отырады. Жазылыңыздар, біздің бойтұмарымыздың өмірі туралы барлық мәліметтерді біліп және оны достарыңызбен бөлісіп отырыңыздар.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»