ВТБ лигасының ширек финалында кездесетін командалар жұбы анықталды

28.04.2019, 09:00    Оқылғаны: 1082
Дереккөз: ВТБ Бірыңғай лигасы
Автор:
«Зенит» — «Астана» (103:95 ОТ) матчынан кейін ВТБ Бірыңғай лигасы чемпионатының 2018/2019 жылдар маусымында плей-офф сатысына шыққан, яғни ширек финалда кездесетін командалар жұбы түгелдей анықталды.

1/4 финалындағы, әрбір жұптағы доп додасы 2-2-1 жүйесінде, 3 жеңіске дейін созылады. Ойындар ВТБ лигасының биылғы маусымдағы қорытынды кестесінде жоғары орналасқан командалардың алаңында басталады. Сонымен, 1/4 финалында өзара додаға түсетін жұптар: ЦСКА –  «Нижний Новгород», УНИКС – «Калев», «Химки» –  «Астана» и «Локомотив Кубань» –  «Зенит». Плей-офф мамыр айының басында басталады.



Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»