«Астананың» ВТБ Бірыңғай лигасының негізгі додасындағы соңғы ойыны 

26.04.2019, 13:00    Оқылғаны: 719
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Автор: Шыңғыс Түсіпбаев
Сенбі күні, 27 сәуірде, «Астана» президенттік баскетбол клубы түзде петербордың «Зенит»  клубымен додаға түсіп, ВТБ Бірыңғай лигасының жыл сайынғы чемпионаты аясындағы соңғы ойынын өткізеді.

«Зенит» – Ресейдің ерлер арасындағы кәсіпқой баскетбол клубы, Санкт-Петербург қаласынан, 2014 жылы құрылған.

Жетістіктері:
  • ВТБ Бірыңғай лигасының қола жүлдегері – 2015/2016, 2016/2017, 2017/2018
  • Ресей чемпионатының қола жүлдегері – 2016-2018
  • Ресей кубогының финалына шыққан – 2015/2016

Екі команда арасындағы бірінші кездесу өткен жылғы қазан айында өтіп, «Астана» өз алаңында «Зениттен» басым түскен болатын. Есеп – 93:91. Дәл қазір «Зенит» ВТБ Бірыңғай лигасының турнир кестесінде алтыншы орынды иемденіп тұр. Олар 25 ойын өткізіп, соның 14-інде жеңіске жетті. Ал «Астана» бесінші орынға орналасқан. Елорда командасы 25 ойынның 15-ін жеңіспен аяқтады. «Астана» түзде «Зенитке» дес бермей, тағы бір тарихи жетістікте қол жеткізе ме, ол сенбі күні, 27 сәуірде белгілі болады.

Матчтың онлайн-трансляциясы біздің сайтымыздың Ойын орталығы бөлімінде жүргізіледі. Басталуы – астана уақытымен 21:00-де. Сонымен қатар, QAZSPORT телеарнасында 00:05-те қайталанып көресетіледі.

Жалпы, клубымыздың ойындары жайлы толық ақпараттар, турнир кестелері, ойындар күнтізбесі мен нәтижелері Доп додалары бөлімінде жарияланған.


«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры

Бірыңғай оператор «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры»